Онлайн газет



ЖАСТАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫ АРТУДА

Жыл сайын жастардың қаржылық сауаттылығы артып келеді. Мұны “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының ел жастарының қаржылық сауаттылығына байланысты жүргізген сауалнамасынан көруге болады.  Онда 35-ке дейінгі отандастарымыздың 4/1 -інде депозит жинағы бар екен. Жеке қорына қаржыны әсіресе 24-28 жас аралығындағы азаматтар көбірек жинаған.
Тарқатып айтатын болсақ, 14-18 жас аралығындағы жастардың 9,4 пайызында, 19-23 жас аралығындағы жастардың 22,2 пайызында, 24-28 жас аралығындағы жастардың 28,8 пайызында, ал 28-34 жас аралығындағы жастардың 25,4 пайызында депозит жинағы бар.
Жас буынның 2,8 пайызында қос-қостан депозит тіркелген. 43,4 пайыз жастарда тек бір депозит жинағы бар.
Мемлекет басшысының “Қарызсыз қоғам” жобасының игілігін көріп жатқандар баршылық. Бұл жоба-халықтың қаржылық сауатын көтеруге, қарызға тәуелділікті азайту мен жеке қаржыға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Өткен жылы бұл жоба аясында елімізде  845 мың азамат білім алып, заңгерлік көмекке жүгінген көрінеді. Ал биыл 2 ақпан мен 25 тамыз аралығында 51 мың адам офлайн-оқудан өткен, 111 мың азаматқа заңгерлік кеңес берілген,174836 қатысушы онлайн-курстарды аяқтаған. Жыл басынан бері жалпы 770 мыңнан астам азаматтардың берешегін реттеуге көмек көрсетілген.

“Ауыл жаңалығы”- ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1931
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26518
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79062
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457131

Серіктестер