Онлайн газет



Алға қойған мақсатымыз көп

-дейді «RoIa - 7» ЖШС-нің басшысы Тұрсынбек Кизятильянұлы

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Әлемдегі қай елді алып қарамаңыз, негізгі тірек – шағын және орта бизнес өкілдері саналады. Қарапайым халықтың кәсіпкерлікпен еркін айналысуына жағдай жасалып, ешқандай кедергіге тап болмай, жұмысын жүргізуге жан-жақты мүмкіндік қарастырылған мемлекеттің экономикасы мықты, әлеуметінің әлеуеті зор. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанның орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық бергені де сондықтан. Елбасы жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында, стратегиялық бағдарламаларында, оның сыртындағы түрлі кеңес-жиындарда шағын және орта бизнесті өркендетуге жағдай жасауды ұдайы тапсырып, назарда ұстап отыратыны сөзіміздің айғағы болса керек. Шыны керек, ауданымыздың кәсіпкерлері Елбасының қамқорлығын үнемі сезініп келеді. Сол себепті елімізде кәсіпкерлік кең қанат жайып, өрлеп өсіп жатыр.
Солардың қатарында, ел игілігі жолында ерінбей еңбек етіп жүрген Қызыл жұлдыз ауылдық округіндегі «RoIa-7» ЖШС-нің басшысы Нұрбаев Тұрсынбек Кизятильянұлын айтуға болады.

Өмірдерек
Тұрсынбек Нұрбаев 1956 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматы қаласында Алматы темір жол институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алған. Еңбек жолын 1974 жылдан бастап «Суперфосфат» зауытында аппаратшы, одан 1977 жылы темір жолда машинист көмекшісі болып бастаған. 1978-1980 жылдары әскер қатарында болса, 1980-1985 жылдар аралығында автоколонна жүргізуші болып жұмыс істеген. 1985 жылы Көлік басқармасында жол қауіпсіздігі инженері, 1986-1996 жылдары автоколонна бастығы, материалдық-техникалық жабдықтаудың бас инженері болып істеген. 1998 жылдан бастап «Кир-Кор» ЖШС-нің, «Бизнес - Ойл» ЖШС-нің, «Аделя - Нан» ЖШС-нің, «Өмер – Тұрсын» ЖШС-нің басшысы болып қызмет атқарса, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін «RoIa-7» ЖШС-нің басшысы ретінде абыроймен жұмыс атқаруда. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2003-2007 жылы үшінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты. Жанұяда үш бала тәрбиелеп отыр.

Нұрбаев Тұрсынбек,  «RoIa-7» ЖШС-нің басшысы:
-Қазіргі уақытта ұжым жұмысын одан әрі дамыту мақсатында Халық банкінен 215 млн. теңге несие алдық. Оның 35 млн. теңгесін құрылыс алаңдарына жұмсадым. Сондай-ақ 92 млн. теңге қаражатты құрал-жабдықтарға, 88 млн. теңге ішкі айналымға жұмсадық. Қазіргі таңда ішкі тауар айналымы тәулігіне 30 тоннаға жетіп,  макарон өнімдерін өндірудеміз. Солтүстік Қазақстан облысынан бидай өнімін сатып алып, 50 млн. теңге игеріліп отыр. Қызыл жұлдыз ауылдық округінде жұмыссыз жанұяларды жұмыспен қамту, округтегі соғыс ардагерлеріне көмек қолын созу, қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу біздің негізгі ұстаным болып табылады. 2013 жылы желтоқсан айының 31-ші жұлдызында Жамбыл облыс әкімінің «Үздік жыл кәсіпкері» марапатына ие болдық.
Ауданымызда жұмыс барысында қиыншылықтар кездеседі, сол қиыншылықтарды жеңілдетуге Елбасы Жарлығымен үкіметіміз қазіргі кезде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының Байзақ аудандық филиалы ашылып, оның директоры болып Д.Нұралиев тағайындалды.
Дәлірек айтқанда, өзім басқарып отырған «Rola-7» ЖШС-і ауданда кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ашылғалы бері тығыз байланыста жұмыс атқарып жатырмыз. Мысалға, мектеп оқушыларына  профориентациялық экскурсиялар ұйымдастыруда және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Даму» қоры АҚ-нан алып отырған несие бойынша консультациялар және қаржы алу мәселесіне қолдау жасау, аудандық электр жүйелері мекемесі тарапынан туындаған мәселелерге араласып оң шешімін табуға атсалысып отырған осы Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының аудандық филиалы қызметкерлерінің ашылғанына аз уақыт болса да жұмысының нәтижесін көріп отырмыз.
Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының ашылғанына қуаныштымыз және біздің мұқтажымыздың оң шешімін тауып беретіндігіне толық сенімдеміз. Әлі де алға қойған мақсаттарымыз көп.
Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар арқылы нақты қолдауды сезінуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен орнатылған өзара әріптестік байланыс Елбасы қойған міндеттерді орындауға, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік жасайды деп санаймын.
Тосқамбаев Бахытбек, жұмысшы:
- Мен  Қызыл жұлдыз ауылының тұрғынымын. Өз жұмысымды ұнататындықтан  «RоІа-7» ЖШС-де оның құрылған күнінен бастап жұмыс істеп келемін. Осы уақыт аралығында ұжымда көп өзгерістер болды, бірнеше басшы ауысты. Ал, бүгінде жалақымыз көбейіп, мерзімінен кешіктірілмей, уақытылы беріліп тұрған соң, мұндағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жақсарды деп айтуға болады.
Біздің ұжым өте ұйымшыл, сондықтан бәріміз өз жұмыс орнымызды қастерлейміз. Жыл сайын міндетті түрде еңбек демалысына шығамыз. Зейнетақы қорының жарнасы ай сайын төленуде. Қара күзден көктем шыққанша жұмысшыларды көлікпен тасымалдайды. Өзіміздің асханамыз бар. Аптасына алты түрлі тамақ  беріледі.  Жылына екі рет жұмысшылар медициналық бақылаудан өткізіледі. Өзіміздің жекеменшік дүкеніміз бар. Ол жерде өз жұмысшыларымызға тауарлар төмен бағамен беріледі.
Мамучев Руслан, технолог:
- Еңбек жолымды «RоІа-7» ЖШС-де 2008 жылы жұмысшы болып бастаған едім. Цехтағы  барлық сатыдан өтіп, тағамдық өнімдер технологы боламын деп алдыма мақсат қойдым.  Менің тағдырымды осы сүйікті жұмысым өзгертті. Қазір мен жоғарғы білімді технолог маманымын. Мұнда шығарылған өнімнің сапасына жауаптымын. Жылдан жылға өнім көлемі молайып, сұраныс та артуда, сатылым да өсуде. Жоғары сапаның арқасында біздің өнімдеріміз облыс көлемінде, мемлекет және сыртта белгілі дәрежеге жетуде. 2012 жылы біздің өнімдеріміздің жоғары сапасы үшін «Халал» халықаралық сертификатын ұтып алдық. Биыл жаңа техникамен жабдықталған тез дайындайтын кеспе цехын соғуды қолға алдық.

Обновлено 06.08.2014 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін309
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5313
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда12954
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2264623

Серіктестер