Онлайн газет



ҮЙДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘРТІБІ

Үйде қызмет көрсету ұйымдары қызметінің  тәртібі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы ережеде көрсетілген.
Осы Қағидалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін айқындайды:
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер тәуліктің күндізгі уақытында және төмендегідей адамдарға көрсетіледі:
1) үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға:
- ақыл-ой кемістігі, жеңіл және орташа дәрежелі, оның ішінде арнайы түзеу білім беру ұйымдарының (мектеп-интернаттардың) арнайы (қосалқы) сыныптарында оқытуды қиындататын қозғалыс функцияларының өрескел бұзылулары болған кезде (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылыстарының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін адамдар) айқын көрінген асқынған есту, көру, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, құрысу талмасы, мінез-құлықтың бұзылуы;
- ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
- әртүрлі этиологиядағы деменция;
2) өз бетінше жүріп-тұруын және өзіне-өзі қызмет көрсетуін шектеуге әкеп соқтырған тіреу қимыл аппаратының  айқын немесе едәуір (өрескел) айқын байқалатын бұзылулары бар мүгедектігі бар балаларға;
3) үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж он сегіз жастан асқан адамдарға:
-ақыл-ой кемістігі, жеңіл және орташа дәрежелі, оның ішінде қозғалыс функцияларының өрескел бұзылулары болған кезде (бөгде адамның көмегінсіз қозғалмайтын, қозғалыс бұзылуларының ауырлығына байланысты өзіне қызмет көрсетпейтін, жеке күтімді талап ететін адамдар);
-ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
-тұрақты ақау немесе деменция болған кезде психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар;
-әртүрлі этиологиядағы деменция;
деменция болған кезде эпилепсия (оның ішінде симптоматикалық);
4) өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз және денсаулық жағдайы бойынша үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары жоқ мүгедектігі бар адамдарға, жұбайына Кодекске сәйкес өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын, зайыбын асырап-бағуға міндетті немесе еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары бар жұбайының (зайыбының) объективті себептер бойынша оларға тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз етпейтін (бірінші, екінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психикалық аурулары бар, бас бостандығынан айыру орындарында, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады немесе елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен немесе басқа елді мекенде тұрады, жұбайы (зайыбы) үшін қосымша - егде жаста болуы).
Үйде қызмет көрсету үшін медициналық қарсы айғақтар:
-өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіп төндіретін, мінез-құлықтың өрескел бұзылуымен және (немесе) жіті психикалық симптоматикамен (сандырақтар, галлюцинациялар) қатар жүретін психикалық және мінез-құлық бұзылулары;
-процестің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, соз аурулары, ЖҚТБ;
-мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін аурулар.
Үйде қызмет көрсету ұйымдарында қызмет алушыларға жеке басының даму, әлеуметтену деңгейін арттыруға бағдарланған жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі; қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар етеді; үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырудың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де қызметтер көрсетіледі.

Рахымжан БАЙДАЛИЕВ,
№4 медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлім басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1978
mod_vvisit_counterКеше4380
mod_vvisit_counterОсы аптада26565
mod_vvisit_counterӨткен аптада32234
mod_vvisit_counterОсы айда79109
mod_vvisit_counterӨткен айда133958
mod_vvisit_counterБәрі3457178

Серіктестер