Онлайн газет



ЖАҢА КІТАПТАР – ЖАҢА БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

Байзақ аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесі оқырмандарға жаңа түскен әдебиеттер мен ақпараттық басылымдарды таныстыруды жалғастырамыз.Бюллетеннің негізгі мақсаты – орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларға келіп түскен жаңа кітаптар, анықтамалықтар және электронды ресурстар туралы ақпарат ұсыну арқылы оқырмандарға тиімді бағыт-бағдар беру.
Бұл бюллетеньде барлық білім саласы бойынша, яғни  тарих, мәдениет, ғылым, психология, құқық, медицина, педагогика және басқа да әртүрлі бағыттағы басылымдар ұсынылған. Материалдар құжаттың сақталу орны көрсетіле отырып, салалар бойынша жүйеленіп берілген.

Жаңа түсілімдер бюллетені мекемелер мен ұйым мамандарына, педагогтарға, кітапханашыларға, білімгерлер мен оқушыларға, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.
Бұл ақпараттық бюллетень оқырмандардың білімін кеңейтіп, қажетті әдебиетті оңай табуға көмектеседі. Сондай-ақ аудан тұрғындарының ақпараттық мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Жаңа басылымдарға қызығушылық танытып, кітап әлеміне бірге саяхат жасауға шақырамыз!

Ақерке ЖАҚСЫБЕК,
аудандық  кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Обновлено 05.12.2025 13:51
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2825
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11147
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74625
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120435

Серіктестер