Онлайн газет



ПАРФЮМЕРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?

Өнімдерді таңдағанда алдымен өнімнің қаптамасының сыртқы түрін тексеріңіз. Өнімнің қаптамасы күмән тудырмауы керек. Қаптамадағы әріптер анық және оқылатын болуы керек, бұл ретте бояғышпен толтырылған әріптер жағылмауы керек. Шыққан жері, құрамы, пайдалану әдісі, сондай-ақ парфюмериялық және косметикалық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама түрде сипаттайтын басқа да ақпаратқа қатысты алданып қалуы немесе жаңылысуы болмайтындай ақпарат анық түсінікті, толық және сенімді болуы керек.
Кеден одағының «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» («009/2011» КО ТР) техникалық регламентінің талаптарына сәйкес парфюмериялық-косметикалық өнімдердің таңбалануы келесі ақпаратты қамтуы керек:
- парфюмериялық және косметикалық өнімдердің атауы, аты (бар болса);
- өндірушінің атауы және оның орналасқан жері (заңды мекенжайы, соның ішінде ел);
- парфюмериялық-косметикалық өнімдердің шығарылған елі (егер өнім өндірісі орналасқан ел өндірушінің заңды мекенжайымен сәйкес келмесе);
- өндіруші тұтынушыдан (дайындаушының немесе импорттаушының уәкілетті өкілі) талаптарды қабылдауға уәкілеттік берген ұйымның атауы және орналасқан жері (заңды мекенжайы), егер өндіруші КО мүше мемлекеттің аумағында талаптарды өзі қабылдамаса;
- тұтыну қаптамасындағы өнімнің номиналды саны (көлемі, және (немесе) салмағы және (немесе) саны);
- сақтау мерзімі;
- өнімді пайдалану кезіндегі ерекше сақтық шаралары (қажет болса);
- парфюмериялық және косметикалық өнімдердің партиясын анықтауға мүмкіндік беретін партия нөмірі немесе арнайы код;
- латын әліпбиінің әріптерін пайдалана отырып, орыс тілінде немесе халықаралық косметикалық ингредиенттер номенклатурасына (INCI) сәйкес ұсынылуы мүмкін ингредиенттер тізімі.
Сатушыдан тауардың сапасын растайтын құжаттарын талап етіңіз.
Парфюмериялық-косметикалық өнімдер Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (009/2011 КО ТР) талаптарына сәйкес келуі керек және адам өмірі мен денсаулығын, мүлкін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ зиянды әсер ететін әрекеттердің алдын алу мақсатында өнімдерге (оның құрамына, физика-химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштеріне, улы элементтердің құрамына және т.б.) қойылатын талаптарды (басқалардың қатарында) белгілейді, оның мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстырудан сақтайды.
Нарық тұтынушыларға парфюмерлік-косметикалық өнімдердің үлкен ассортиментін ұсынады. Өнімді сатып алғанда, сапалы және қауіпсіздігін басты назарда ұстауды ұмытпаңыздар. Өйткені парфюмерлік-косметикалық бұйымдар сіздің денсаулығыңыз бен хал-жағдайыңызға тікелей әсер етеді.

Рита Алтынбасова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2057
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада2057
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20232
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3261989

Серіктестер