Онлайн газет



ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Өткен сәрсенбі күні жұмыс сапарымен ауданымызға келген Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбілов  аудан әкімі Олжас Баққараев, аудан прокуроры  Ақберен Мүлкемановтармен  бірге Көктал ауылында орналасқан «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының құс фабрикасының жұмысымен танысты.
Облыс прокурорына филиал басшысы мұндағы жұмыс барысы мен жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандары жөнінде ақпарат берді.
Қазіргі таңда Көктал ауылында фабриканың 24 құсханасы салынып бітсе, жаңадан 8 құсхана бой көтеріп жатыр. Оның әрбірі 50 мың дана құсқа арналған. 1 құсхананың аумағы 2160 шаршы метрді құрайды. Әр нысанға жылыту генераторы орнатылып, заманауи үлгіге сәйкес бой көтеруде.  Аталған құрылыстар толықтай аяқталған кезде бұл жерде бірнеше жұмыс орындары ашылатын болады. Сондай-ақ еңбек өнімділігі де артып, құс өсіру жұмыстары жанданады.
Аталған  жұмыстармен жан-жақты танысып шыққаннан соң облыс прокуроры Берік Рахатұлы мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Өз тілшіміз.
Көктал ауылы.

Обновлено 28.11.2025 15:33
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1864
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13465
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27066
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005158

Серіктестер