Онлайн газет



ЖИЫРМА ЖЫЛ КҮТКЕН АЛАҢ

Денсаулық – қоғамның басты байлығы. Сондықтанда Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауларында бұл мәселені назардан тыс қалдырған емес. Дені сау ұрпақ қалыптастыруда спорттың маңызы зор. Кейінгі жылдары әрбір ауылдық жерде спорт алаңшалары салынып, жастардың спортпен тұрақты айналысуларына жағдай жасалуда.
Жақында Сарыкемер ауылдық округіне қарасты Қосақ ауылында шағын футбол алаңшасы пайдалануға берілді.
Ауыл азаматтары көп жиналған алаңшаның ашылу салтанатында алғашқы болып аудан әкімі  Олжас Баққараев сөз алды.
-Президентіміз өзінің әрбір Жолдауында спорт саласына басымдық беріп келеді. Спорт-денсаулық кепілі. Сондықтанда ауданда бұқаралық спортты дамытуда көптеген жұмыстар атқарылуда. Ауданымызда бүгінде 43 шағын спорт алаңшасы болса, оның 5-еуі биыл пайдалануға берілді, екі алаң жөндеуден өткізілуде.
Аудан жастары шағын футболдан жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Олар биыл «Ақ бидай-2025» VIII-ауыл спорты ойындарында бас жүлдені иеленіп, 3-рет республика чемпионы атанды.
Бүгінгі ашылғалы отырған алаңда да осындай жастар тәрбиеленіп, келешекте аудан абыройын асқақтатын спортшылар болсын,- деген аудан басшысы жас футболшыларға бірнеше допты сыйға тартты.


-Ауылымыздан ашылған шағын  спорт алаңы құтты болсын! Біздің балаларымызға осындай ойын алаңын соғып берген аудан,  ауыл әкіміне алғыс айтамыз.
Біз бұл спорт алаңын 20 жылдан аса уақыт күттік. Одан бері бірнеше ауыл, аудан әкімдері ауысып кетті. Енді міне кішкентай ғана 130 үйі бар ауылымыздың балалары ешкімге жәутеңдемей өз алаңында доп тебетін болады. Ауылға жол салынды, су тартылды, жарық пен газ бар, мектеп жөнделуде. Енді жаңадан соғылған спорт алаңын бүлдірмей ұстап, оның игілігін көрейік, - деді ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмірзақ Рахимов.
Спорт алаңы ашылған бетте ауыл апалары шашу шашты. Ауылдан жасақталған 4 команда бірден алғашқы жарыстарын бастап кетті.

Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 28.11.2025 15:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1906
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада1906
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20081
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3261838

Серіктестер