Онлайн газет



ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Кеше аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс LIII-сессиясы мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өтті.
Сессияға 15 мәслихат депутатының 13-і, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияда «Байзақ ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған  туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» және «Байзақ ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» мәселелер бойынша аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Айбек Тасеменов баяндады.
Баяндамада айтылғандай аудан бойынша шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарияның мөлшерлемелерін 0 (нөл) пайыз деңгейінде белгілеу ұсынылды. Туристік  жарнаны 0 (нөл) пайыз деңгейінде белгілеу өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, шетелден келушілер санын көбейтуге және кәсіпкерлік субъектілеріне түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған.
2026 жылы туристік жарнаны 0 (нөл) пайыз деңгейінде белгілеу халықаралық туристер ағынын арттыруға, өңірдің инвестициялық және туристік имиджін көтеруге, сондай-ақ қызмет  көрсету секторының дамуына елеулі ықпал ететіндігі айтылды.


Екінші мәселеге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес арнаулы салық режімі (АСР) шеңберінде есептелетін бірыңғай салық мөлшерлемесі 4 пайыз көлемінде белгіленген. Алайда, қазіргі экономикалық ахуал, нарықтағы құбылмалы жағдайлар және шағын бизнес субъектілерінің қаржылық мүмкіндіктерін қолдау қажеттілігі аталған мөлшерлемені төмендетуді талап ететіні айтылды. Осыған байланысты АСР бойынша бірыңғай салық мөлшерлемесін 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету жөнінде ұсыныс енгізілді.
Қаралған екі мәселеде тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланғандықтан сұрақ қоюшылар болмады.
Сессияда аталған екі мәселе бойынша шешім қабылданды.
Мәслихат  төрағасы  Б.Ақбаев сессия соңында депутаттарды келесі кезекті сессияның күн тәртібімен таныстырып, оған дайындықпен келуді ескертті.

Сундетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 28.11.2025 15:25
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1897
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13498
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27099
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005191

Серіктестер