Онлайн газет



КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС ӨТТІ

Кеше  аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қоғаммен байланыс» жобасы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында көшпелі қабылдау жүргізілді.
Аталған шараның мақсаты – халықтың сауаттылығын арттыру, азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел және білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету болып табылады.
Қабылдауға ертемен келіп, өздеріне қажетті мамандарға сұрақтарын қойып, жауап алып жатқандар аз болмады. Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев пен аудан прокурорының  көмекшісі Бижан Ержанұлы бастаған аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары өздеріне қайырылған ауыл халқына лезде жауап беріп жатты. Мәселен аудан әкімінің орынбасарына ауыл тұрғындары Б.Ибрайымқызы, С.Баубешова, Қ.Әбдірашовтер көшедегі ауыз су құбыры қақпағының жоқтығы, көшеде қаңғыбас иттердің  көптігі, үй салуға жер кезегі туралы сұрап, оған жауап алды. Ал аудан прокурорының көмекшісіне Фариза Тогаева қайырылып, көші-қон қызметі жайлы сұрап білді. Сондай-ақ бұл күні аудан әкімдігінің бөлім басшыларына өз салалары бойынша сұрақ қойып, жауабын алғандармен бірге адвокаттан тегін кеңес алғандарда болды.
Қойылған сұрақтардың басым бөлігі жер және баспана алуға байланысты қойылғанын да атап кеткен жөн.
Міне осындай халыққа пайдасы тиетін көшпелі қабылдау осы күні Мырзатай, Көктал ауылдарында жалғасын тапты.

Айдар АЛДАБЕРГЕНОВ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 28.11.2025 15:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1996
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада1996
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20171
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3261928

Серіктестер