Онлайн газет



КЕРЕҒАР ҚҰБЫЛЫСҚА ТОСҚАУЫЛ ҚОЯЙЫҚ

Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының» басты мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін ең үлкен қауіптердің бірі. Ол мемлекеттің экономикалық өсімін баяулатып қана қоймай, азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді. Сондықтанда Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Қоғамымызға орасан зор кесел келтіретін осынау әлеуметтік құбылыстың алдын алып, жемқорлықтың жолына қатаң тосқауыл қою бағытындағы іс-шараларды жетілдіріп, пәрменділігін арттыру – аса маңызды  міндет. Жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін ең алдымен оның пайда болу себептерін түсіну қажет. Көбіне ақпараттың ашық болмауы, бақылаудың әлсіздігі, қызметтік өкілеттіктердің теріс пайдаланылуы, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің төмендігі мұндай жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Осыған байланысты мемлекеттік органдарда цифрландыру жұмыстары нығайып, қызмет көрсету процестері автоматтандырылып келеді. Бұл-адам факторының азаюына және сыбайлас әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Жемқорлықпен күресте қоғамның рөлі ерекше. Әрбір азамат әділдікке немқұрайлы қарамай, заң бұзушылық көрсе  дер кезінде хабарлауы керек. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер де ашықтықты арттырып, қоғамдық бақылау механизмін күшейтуге септігін тигізеді. Сонымен қатар білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – болашақ ұрпақты адалдыққа тәрбиелеудің тиімді жолы.
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралар нәтижелі болуы үшін барлығымыздың бірлескен әрекетіміз қажет. Әділдік пен ашықтықты басты құндылық ретінде насихаттай отырып, біз жемқорлықсыз қоғам құру жолында нақты қадамдар жасай аламыз. Жемқорлыққа тосқауыл қою – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Қоғамның кереғар құбылысы-жемқорлыққа тосқауыл қою – ұзақ мерзімді, кешенді және қоғамның барлық саласын қамтитын үрдіс. Бұл жолда мемлекет те, азаматтар да бірдей жауапты. Әрбір мемлекеттік қызметкер өз ісіне адал болып, қоғам әділеттілік қағидатына ынталы болса ғана, біз жемқорлық деңгейін төмендетуге қол жеткізе аламыз.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық  құрылтайда  «Ең  бастысы,  біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-­туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой, ­беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы»,- деп атап өтті.
Адалдықты өмір нормасына айналдыру, мемлекеттік басқаруда ашықтық пен жауапкершілікті арттыру – біздің ортақ мақсатымыз. Сонымен қатар «Адал азамат» болу әр адамның өзі өмір сүріп отырған мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп,  ел мүддесін бәрінен биік қоюынан басталады. Жемқорлықсыз қоғам құру-Қазақстанның тұрақты дамуының және өркендеуінің басты кепілі.

Баян ӨКСІКБАЕВА,
Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1848
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада1848
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20023
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3261780

Серіктестер