Онлайн газет



Бәрі де ел ертеңі үшін

А.Мамытқұлұы,
Байзақ ауданының Құрметті азаматы,  «АЙТҚҰЛ-АРДАГЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Тәуелсіз Қазақстанды жасампаз ісімен қайта түлеткен Елбасымыз «Нұр Отан» партиясының Доктринасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның және әр адамның міндеті.Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттігіміз бен демократиямызды жегідей жейді.Сондықтан да біз сыбайлас жемқорлықтың жолын кесудің және қоғамда оның кез-келген көрінісіне ымырасыздық ахуалын қалыптастырудың жүйелік  жағдайын жасаймыз» деп атап көрсеткені белгілі.Осыған орай, партия елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуі үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына алып, “2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы” жаңа бағдарламаның жобасын ұсынып отыр. Осынау жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия – болашағымыздың жарқын,қоғамымыздың ашық болуының кепілі. Осы бағытта елімізде көптеген қаулы-қарарлар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыру мәселелерін қозғаса, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Әрине, осынау қабылданып жатқан іс-шаралар сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және олардың түп тамырына балта шабуға арналған шаралар екені даусыз. Әлбетте, сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз.Сондықтан,қоғамы- мыздың барлық саласында жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, оның зардаптарын жою мақсатында ел болып, бірге күрескеніміз абзал. Міне,сол үшін де сыбайластыққа қарсы табысты әрекет, жемқорлықтың алдын алуға бейімделген ұлттық стратегия болғанда ғана дәрменді болмақ. Сондықтан да жазалауды қатаңдатумен және қыл-мыстық қудалауды күшейтумен бірге, сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдаяттарды жоюға бағытталған қосымша шараларды пысықтаған жөн секілді.
«Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» партияның қоғамды сауықтыратын бағдарламасы болары анық. Биылғы жылғы шілде айының алғашқы күндері «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басқаруымен өткен отырыста аталмыш бағдарламаның жобасы талқыланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды.
«...біз бағдарлама жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалың бұқараның талқылауына ұсынып жатырмыз. Қалаған адам өзінің пікірі мен ұсынысын жолдай алатын арнайы пошталық мекен-жай құрылды.Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасына орай келген әрбір хатқа, кез-келген ұсынысқа риза боламыз» деген еді Б.Байбек сол отырыста. «Нұр Отан» партиясының ұсынып отырған осы жаңа жобасы қоғамдастық, интернет пайдаланушылар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен партия мүшелерінің талқылауы мен ұсыныстарын енгізуі үшін «nurotan.kz» ресми сайтында жарияланатынын да ескертті.Ұсыныстар мен толықтыруларды anticorruption @ nurotan.kz электрондық поштасына жіберуге де болатынын айтқан еді.   Бүгінде жер-жерлерде «Нұр Отан» партиясының филиалдарында аталмыш бағдарламаның жобасы талқылану үстінде.
Жаңа бағдарламада қоғамда сыбайлас жемқорлық пен оның кез-келген көрінісіне төзбейтін мәдениет қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекет азамат және бизнестің тең және жауапты әріптес ретіндегі қарым-қатынасының сапалы жаңа сипатын қалыптастыру қажеттілігі жағдайында, еліміздің барлық аймағындағы түрлі мақсатты топтармен, азаматтық секторлармен қарым-қатынас орнатуға басымдылық берілген. Жаңа бағдарлама азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген санасы мен көзқарасын түбегейлі өзгертуге себепкер болатын құнды кұжат болмақ. Бағдарлама баптары іске асырылса, мемлекет азаматтардың мүддесіне тиімді қызмет етуі мен жауапты азаматтық қоғамның құрылуына, күшті қазақстандық бизнестің дамуына жағдай туғызады. Сондықтан, жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қоғамның барлық топтары түгел атсалысуы тиімді болады. Сонда ғана әсіресе, экономика саласындағы «қызылкөздік» - сыбайлас жемқорлыққа тыйым болары хақ. Жемқорлықтың кең өріс алатын аймағы – кәсіпкерлік саласы.Сол үшін де ел халқының мемлекетке масыл болмай, өзін-өзі асырау жолы – кәсіпкерлікті барынша қорғау тетіктерін тиянақтағаны жөн. Бұл ретте, Елбасының: “Кәсіпкерлік – Қазақстан экономикасының локомотиві” деген қағидасын еске алған ләзім.
Біз қашан жемқорлықты тиямыз, сонда ғана өркениетті елдер қатарына қосыламыз. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасының қағидаттарын бұлжытпай іске асырсақ мемлекетіміздің имиджі жақсарады. Яғни, идеологиялық бренді ілгерілейді деген сөз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрмысымыздың барлық секторын түгел қамтығанда ғана таза мемлекет бола аламыз. Әрі қоғамдағы барлық топтар бірігіп, жүйелі түрде іс-шараларды жүзеге асырып отырса, іс нәтижелі болмақ. Біздер, сыбайлас жемқорлықтан ада, ашық мемлекет құрамыз десек, әр адам, тұлға пендешілікке салынбай, дүниеқоңыздыққа бой алдырмай, қанағатшылық қасиетті бойына қалыптастыра білуі шарт. Дүние-мүліктен гөрі, рухани құндылықты жоғары қойып, өмірлік маңызы зор, қоршаған ортаға пайдасын тигізетін іспен шұғылданған абзал. Бұл – ел ертеңі үшін атқарылатын жарқын істер болары анық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін793
mod_vvisit_counterКеше1665
mod_vvisit_counterОсы аптада5797
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда13438
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265107

Серіктестер