Онлайн газет



«ОЯН» ОБЛЫСТЫҚ ЖЫР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Биыл ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ақын әрі қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай елімізде түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы өткізген облыстық «ОЯН» жыр байқауы болды.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың тіл мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, Міржақып Дулатовтың рухани мұрасын кеңінен насихаттау. Сайысқа облыс бойынша 7–11, сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау туралы хабарлама қыркүйек айының басында орталықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған болатын. Қызығушылық танытқандар саны жиырмадан асты, соның ішінде он үміткер байқауға қатысуға ниет білдіріп, үш кезең бойынша өз шеберліктерін сынға салды.
Байқау үш бөлімнен тұрды.Алғашқы «Алаш рухының айбары» бөлімінде қатысушылар «Міржақып Дулатов және алаш аңсаған еркіндік» тақырыбында бір минуттық бейнеролик дайындап, ұсынды. Екінші «Ұлт рухын жырмен оятқан» кезеңінде оқушылар ақынның 15 өлеңінің бірі бойынша мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетті. Соңғы «ОЯН» жыр додасы кезеңінде жұппен жеребе арқылы сынға түскен қатысушылар қайым-айтыс түрінде өзара сайысты. Бұл кезеңде олар қарсыластарына Дулатовтың өлеңдерінен екі жолды жасырып, табу арқылы есте сақтау қабілеті мен тапқырлығын сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ақын өлеңдерін терең сезіммен орындап, Міржақып мұрасының мәні мен рухын бойына сіңіре алғандарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша І орынды ауданымыздағы №1 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Каусар Жұмахан жеңіп алды. Екінші орынды  Талас ауданы, Үшарал ауылындағы Ә. Сағынтаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Иманғали Жексенбек еншіледі.Үшінші орынды Тараз қаласындағы №36, №61 және №66 орта мектептердің оқушылары  Диана Мұхамедия, Анель Ахмет және Сабыржан Адихан өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, «ОЯН» жыр байқауы ел жастарының рухани дамуына, Алаш мұрасын тануға және ұлттық сана мен ой еркіндігін қалыптастыруға жол ашады.

“Ауыл жаңалығы”-ақпарат.

Обновлено 04.11.2025 18:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2058
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5055
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43873
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214181

Серіктестер