Онлайн газет



АҚАУЛЫ ПЕШ АДАМ ӨМІРІНЕ ҚАУІПТІ

Жеке тұрғын үйлерде ақаулы пештен өрт шығып, тұрғындардың газбен улану оқиғалары орын алып жатады. Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері   жеке тұрғын үйлерді аралап, үй иелерімен  кездесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Жеке үйлерде тұратын азаматтарға пеш пен түтін мұржаларын дер кезінде тазалап, ақауларды жөндеп отыру-басты талапқа жатады.  Өйткені пештің ішіне жиналған күйе газдың дұрыс шығуына кедергі келтіріп, улану қаупін арттырады. Сондықтан әрбір отбасы бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал. Сондай-ақ газ қондырғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Бөлмелерді жиі желдетіп тұру, газ плитасын немесе жылытқышты бақылаусыз қалдырмау – төтенше жағдайдың алдын алатын қарапайым амалдар.  Сондықтан төмендегі қауіпсіздік ережелерін жадыңызда сақтаңыздар:
-Пешті жағуға арналмаған басқа да отындық түрлерін қолдануға;
-Отты тез тұтандыру үшін бензин, керосин, басқа да тез жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
-Ақаулы пештерді қолдануға (плитасы, есіктері сынған, қабырғалары жарылған, тағы басқа);
-Пешті аса қыздырып жағуға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға;
-Пештің қыздырылатын бөліктерінен 0,5 метрден кем арақашықтықта киім кептіруге немесе басқада жанғыш бұйымдарды орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Пеш құбырларын, мұржаларын уақытылы тазалауды, жарылған, сызат түскен жерлерін сылауды естен шығармаңыздар. Себебі ақаулы пештерді қолдану кезінде улағыш газбен (угарный газ) уланудың, яғни иіс тиюдің қаупі артады.
Ақаулы пешті пайдалану – көмірқышқыл газынан уланудың ең басты себебі болып табылады. Қарапайым ережелерді қатаң сақтау-өз өмірімізді және жақындарымыздың амандығын қорғаудың ең тиімді жолы екенін ұмытпаңыздар.

Ержан  ӘБДІРӘИМОВ,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2080
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5077
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43895
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214203

Серіктестер