Онлайн газет



ДЕПУТАТТАРҒА АРТЫЛАР СЕНІМ ЗОР

Өткен сәрсенбі күні «Amanat» партиясы  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов ауданға келіп, партияның аудандық филиалында аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері және бастауыш партия ұйымының төрағаларымен кездесу өткізді.
Кездесуді аудандық филиалдың төрағасы Индира Спаналиева кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен Д.Бейсенқұлов сөз алып,  партияның облыстық филиалында атқарылып жатқан жұмыстарға, алдағы міндеттерге тоқталды.
-Партияның облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асуы жолында еңбек етуде. Сондай-ақ «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», басқа да жобалардың жүзеге асуына күш салуда. «Ауыл аманаты» жобасының халыққа тигізіп отырған пайдасын жақсы білесіздер. Халық бұл жоба аясында бар болғаны 2,5 пайызбен несие алып, өз жағдайларын анағұрлым жақсартты. Осы жобаға байланысты облысқа тағы да  1 млрд. теңге бөлініп отыр. Ал «Жер аманаты»  жобасы бойынша ұзақ уақыттан бері пайдаланылмай жатқан жерлер  қайтарылып алынса, енді сол жерлердің дұрыс бөлінуіне атсалысуымыз керек.
Депутаттарымыз өз белсенділіктерін арттырып, халықпен кері байланысқа мән беруі тиіс. Халықпен уақтылы кездесу өткізіп, оларды қабылдауда назардан тыс қалмауы қажет. Бастауыш партия ұйымдары өз жұмыстарын жандандыра  түсулері тиіс. Бұл аудандағы Бурыл, Түймекент, Көкбастау бастауыш партия ұйымдарының жұмысы аудан ғана емес, облыстық деңгейде де жақсы аталып жүр. Жақында бастауыш ұйымдардың есеп беру-сайлау науқаны басталады. Бұғанда бүгіннен бастап дайындық жасай беруіміз қажет. Барлық іс-шаралар насихатталып отыруы тиіс.
Мен аудандағы Асылбек Жантаев, Алтынбек Жамишжанов, Елнұрбек Ермеков, Бекен Абитаев, Құралай Үкібаева, Гүлбахрам Ермекова тәрізді депутаттардың белсенділігін жақсы білемін. Сондай-ақ аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жақсы жұмыстарында атап өтуге болады. Сайлау өткелі 2,5 жылдай уақыт болды. Демек, әрбір депутат өз сайлаушылары алдында есеп берулері керек.


Партияның Сайлауалды бағдарламасының іске асуына бәрімізде атсалысайық,-деді Дауыл Ынтықбайұлы.
Депутаттар мен бастауыш ұйымының төрағалары тарапынан сұрақтар қойылып, оған жауап берілді.
-Бүгінгі кездесуде партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлының облыстық филиалдың атқарып отырған жұмыстарына, өз ауданымыздың жұмысы қай деңгейде екенінде білдік. Біз аудандық филиал жұмысының жандануына өз үлесімізді қоса беретін боламыз. Партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалуы да назарымызда болады.
Менің айтайын дегенім сайлаушыларымызбен кездесуге барғанымызда аудандағы ағын су мәселесі алдымыздан шығады да тұрады. Ал әлеуметтік мәселелер түпкілікті шешілді деседе болады. Барлық ауылдарда газ бар, таза су келіп тұр, көшелер жарық, жолдар жөнделген. Бұрындары осы мәселелер алдымыздан шығатын. Енді егін суы шемімін тапса дұрыс болар еді.
Тағы бір өзекті деген мәселе тұрғын үй болатын. Бұлда кейінгі екі жылда өз шешімін тауып келеді. Бірнеше 5 қабатты үйлер салынып, пайдалануға берілді. Әлі де салынып жатқандары бар.
Ендігі бір айтатын нәрсе аудандық білім бөлімі штатына бір құрылысшы бірлігін енгізіп, бөлімде құрылыс маманын ұстаған жөн.Себебі жылына 1-2 мектеп соғылса, күрделі жөндеуден өтіп жататыны да бар. Олардың сметалық құжатын алдын ала тексеріп, жұмысын қадағалайтын маман жоқ. Ал мұның зардабын ұстаздар, сонда оқып жатқан оқушылар тартады. Мектептің жобасы жасалғанда оған әлеуметтік қорғау жүйесі маманы, жергілікті бастауыш ұйым төрағаларыда қатысса дұрыс болар еді. Мен мұны өзім құрылысшы болғандықтан, осындай кемшіліктер алдымыздан шыққаннан соң айтып отырмын,-деді депутаттық фракция төрағасы Асылбек Жантаев.
Бұдан соң депутат, Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Г.Ермекова білім саласындағы жобалардың жиі ауысып жататыны, мектептегі штаттарды қайта қарау керектігін, мектепке қатысты тендерлер уақытылы өтіп, оқу процесіне кедергі келтірмесе деген ұсынысын айтты.
Ал депутат, аудандық мәслихаттың төрағасы Б.Ақбаев аудандағы ең өзекті деген тұрғын үй мен егін суына байланысты өз ойын ортаға салды. Бұл ретте халыққа суды үнемдеп пайдалану қажеттігін түсіндіру керектігіне тоқталды.
Кездесуден кейін Дауыл Ынтықбайұлы филиалдың «Кітап-Аманат» орталығындағы «Сыр-сұхбат» алаңында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Дауыл Бейсенқұлов ауданға жасаған сапарында ауылдарда болғанда онымен бірге аудандық мәслихаттаң төрағасы Бақтияр Ақпаев пен партияның аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева бірге болды. Олар алдымен аудан іргесіндегі Үлгілі ауылындағы «JS GLASS”  шыны шыңдайтын өндірістік зауытының жұмысымен  танысты. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы зауыт директоры Жамалхан Ибрагимов айтып берді.
Ал Аққия ауылындағы салынып жатқан 100 орындық мектеп бітуге таянған екен. Құрылысты «ТаразҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Мердігер мекеменің директоры Нысаналы Қалдыбаев мектептің іші-сыртын түгел аралатып көрсетті. Жақын уақыттарда мектеп пайдалануға берілетіні де айтылып қалды.
Дауыл Бейсенқұлов шыны зауыты мен мектептегі құрылыс жұмысына ризашылығын білдіріп, жұмысшылардың еңбегіне табыс тіледі.
Сапар соңында Дауыл Ынтықбайұлы ауыл тұрғындарының сұранысына орай Диқан ауылдық округіне қарасты Жеңіс ауылының халқымен кездесіп, ауылдағы М.Мәметова атындағы негізгі  мектептің жағдайымен танысты.
Ата-аналардың көп уақыттан бері айтып жүргеніндей мектеп шынында да ескі, оқушылардың терең білім алуына мүмкіндігі жоқтығы байқалды. Талап деңгейінен төмендігін байқаған Дауыл Бейсенқұлов ауылға жаңа 100 орындық мектеп салу мәселесіне “AMANAT”  партиясы тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Сундетулла АБИЛОВ,
«Ауыл жаңалығы».
Сарыкемер, Үлгілі,
Аққия, Жеңіс ауылдары.

Обновлено 31.10.2025 13:01
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1969
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада4966
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43784
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214092

Серіктестер