|
Қоғам – белгілі бір тәртіп пен заңдарға сүйенетін жүйе. Осы жүйенің тұрақты дамуына кері әсер ететін құбылыстардың бірі- құқық бұзушылық. Құқық бұзушылық-бұл адамзат баласының заңға қайшы әрекеттері, яғни қоғамда белгіленген нормалар мен ережелерді бұзу. Құқық бұзушылықтың түрлері көп. Олар әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыс, азаматтық және тәртіптік бұзушылықтар. Бұлардың әрқайсысы қоғамға әртүрлі деңгейде зиян келтіреді. Мысалы, ұсақ құқық бұзушылықтар тәртіпке нұқсан келтірсе, қылмыстық істер азаматтардың өміріне, қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұрақтылығына
қауіп төндіруі мүмкін. Құқық бұзушылықтың туындау себептері де әртүрлі. Атап айтатын болсақ, отбасындағы дұрыс тәрбиенің болмауы, әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, құқықтық сауатсыздық, маскүнемдік және нашақорлық. Сонымен қатар, жастар арасында интернет пен әлеуметтік желілердің теріс әсері де құқыққа қарсы әрекеттерге итермелеуі ықтимал. Осыған орай ауылдық әкімшілік қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторы бірігіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырады. Ең бастысы – әрбір азаматтың құқықтық сауаты жоғары болуы тиіс. Заңды білу және оған бағыну – әр адамның парызы. Құқық бұзушылықпен күрес – бұл тек құқық қорғау органдарының емес, барша қоғамның ортақ ісі.
Нұршат Жүрекбаев, Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары. |