Онлайн газет



ЖАҚСЫ ҚАҚПАШЫ - ЖАРТЫ КОМАНДА

Үлкен футболдан Тараз қаласы әкімінің кубогына арналған жарыс дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Биылғы жылғы «Тараз қаласы әкімінің кубогы-2025» жарысы қыркүйек- қазан айларында өтті. Аталған жарысқа 13 команда қатысса, олардың 10-ы Тараз қаласындағы мекеме, ұйымдардан, қалған үшеуі аудандардан қатысты. Солардың бірі - жерлесіміз Равшан Рустамов жаттықтыратын ауданымыздың «Байзақ» командасы.
Екі айға созылған жарыс өте тартысты өтіп, жартылай финалға Тараз қаласынан  «Ұшқын», «Казфосфат», «Құмшағал» және біздің ауданның «Байзақ» командасы шыққан еді.
Республика күні мерекесі қарсаңында аталған 4 команда қатысқан жартылай финал ойындары өтті. Онда алдымен аудан командасы «Ұшқынмен» ойнап, негізгі ойын 0:0 есебімен тең түсті. Пеналти тебуде жерлестеріміздің бағы жанып, финалға шықты. Ал «Казфосфат» пен «Құмшағал» командалары арасындағы ойын 5:2 есебімен аяқталып, «Казфосфат» командасының бағы жанды.
Ең қызықты ойындар жүлделі орындарға ұмтылу барысында байқалды. Мұнда «Ұшқын» командасы «Құмшағал» командасын 2:1 есебімен жеңіп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ал шешуші (финал) кезеңдегі «Байзақ» пен «Казфосфат» командасының ойындары өте шиеленісті жағдайда өтті. Жан алысып, жан беріскен ойынның екі кезеңінде де гол соғылмады. Кезек тағыда пеналтиге келіп тірелді. Бұл жолыда аудан ойыншылары мергендіктерін танытса, команда қақпашысы Рысбек Құрманғалиев өзінің мықтылығын дәлелдеді. Есеп 5:4 болып біздің пайдамызға шешілді. Рысбек екі ойында   екі пенальти добын қайтарса, ойын кезінде де бірнеше рет қақпаны голдан аман сақтап қалды. «Жақсы қақпашы - жарты команда» деген сөз осындайда айтылса керек. Осылайша ауданымыздың «Байзақ» командасы 1-орынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты. Жеңіс құтты болсын, аяқдоп шеберлері!


Жеңімпаздарды Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков құттықтап, аудан командасына әкім кубогы мен 500000 теңгенің сертификатын, диплом, медальдарды табыс етті. Екінші, үшінші орын иелері «Казфосфат», «Ұшқын» командаларына да тиісінше сый - сияпат жасалды.
Жекелеген ойыншылар арасында аудан командасының қақпашысы Рысбек Құрманғалиев жарыстың  «Үздік қақпашысы», ал Ерасыл Ақжолтаев «Үздік қорғаушы» атанып, 30 мың теңгенің сертификатымен марапатталғанын да айта кеткен орынды.
Аудан командасының ұйымшылдықпен жинақы ойын көрсетіп, жеңіске жетуіне команда капитаны Нышанбек Қашқынбаев пен жаттықтырушы Равшан Рустамовтың қосқан үлесі мол.
Команданы аталған жарысқа ауданымыздағы Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Дәурен Байгутдинов бастап барды.

Сундетулла АБИЛОВ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 31.10.2025 11:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2134
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5131
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43949
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214257

Серіктестер