Онлайн газет



ЖАРЫС АЛАҢЫНДА-МЕРГЕНДЕР

Республика күні мерекесі қарсаңында аудандық білім бөлімінің келісімімен Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Көкөзек ауылындағы Т.Ақбозов атындағы орта мектебінің базасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы және 25 қазан- Республика күніне орай мектеп оқушылары арасында «Дәстүрлі ойын- ұлттық рухтың айғағы» тақырыбында асық атудан аудандық жарыс өтті. Жарыстың мақсаты- жасөспірімдер арасында асық ату тәрізді ұлттық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды ұлттық құндылықтарымызға үйрету арқылы спортпен тұрақты шұғалдануға тарту, олардың бойында Отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Жарысқа 2013-2015 жылы туған жастар қатысты. Әр командада 3 ұл бала бақ сынады. Жарыс айналмалы жүйеде қатысқан оқушылардың санына байланысты өткізілді.
Жарыстың ашылу салтанатында Т.Ақбозов атындағы орта мектептің директоры Ақбота Көпбосынова мен Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының директоры Еркін Сайлауұлы сөз алып, кейінгі жылдары ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі- асық атудың қолға алынғанына тоқталды. Жарысқа қатысушы команда ойыншыларына сәттілік тіледі.
Жарыс аса тартысты жағдайда өтті. 12 мектеп командасы қатысқан жарыста суырылып алға шыққан 3 командаға сұрмерген балалар жеңіс сыйлады. Нәтижесінде А.Пушкин атындағы орта мектептің командасы барлық қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Ал Ақшолақ орта мектебінің командасы екінші орынға қол жеткізсе, №5 орта мектебінің командасы жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаз командалар жарысты ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған кубок, медаль, дипломдармен марапатталды.
Жарыстың өз дәрежесінде өтуіне Т.Ақбозов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қуаныш Оразбековтің қосқан үлесі мол болды.

Гүлдана СЕЙТІМБЕТОВА,
орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі.
Көкөзек ауылы.

Обновлено 31.10.2025 11:33
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1884
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13485
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27086
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005178

Серіктестер