Онлайн газет



САПАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУҒА ӘР АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БАР

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылады.
Ағымдағы жылы Департаментке «Т» есімді азамат мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарының бұзылғандығы туралы шағымданған болатын.
Департаментпен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тарту деректері анықталды.
Нақтырақ айтқанда, келісуші органдардың теріс қорытындысына байланысты, сондай-ақ, сұралып отырған жер учаскесінің орнында қоршаудың болуына орай көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскесін беру мүмкін еместігіне сілтеме жасалып, қызмет алушыға негізсіз 2 рет бас тартылған.
Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департаментпен оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсыныс енгізілді. Департаменттің ден қоюынан кейін қызмет алушыға жер учаскесінің кесіндісі беріліп, оның құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8 ”А” мекенжайына немесе 8 (7262) 43 88 08 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.

Болат Копдикбаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1986
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада4983
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43801
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214109

Серіктестер