Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылы қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауданымызда ұйымшылдықпен жүргізілуде. Кеше, Республика күні мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы «Астананың 10 жылдығы» атындағы саябақта тазалау жұмыстары атқарылды. Аталған шараға аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың аппаратынан бастап, барлық бөлімдер мен мекеме жұмысшы-қызметкерлері ертемен саябақ алдына жиналып, өздеріне алдын ала бекітіліп берілген орындарды тазалауға кірісті.
Тазалық барысында саябақ ішіндегі жабайы шөптер мен жапырақтар жиналып, қураған ағаштар кесілді. Аталған жұмыстарға қатысқандар арасында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдері, Мансап орталығы  мен Азиялық несие қоры, Байзақ су, аудандық ормандар және жануарлар дүниесін қорғау, орталық аурухана мекемелерінен 15-25 аралығындағы азаматтар қатысып, жақсы жұмыс атқарды. Сондай-ақ №8 және №9 спорт мектебі мен №1 мектеп-гимназиясының қыз-жігіттері де өзгелерге үлгі боларлықтай жұмыс істеді. Бұл күнгі тазалық жұмыстарына барлығы 300-ден аса адам қатысқанында айта кетуге болады.
Жиналған жапырақтар мен шабылған шөп, қураған ағаштар сол мезетте үлкен екі көлікке тиеліп, арнайы орынға шығарылып отырды.
«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, аудан орталығына кіре берістегі саябақтың сәнді де, сәулетті болуы үшін мұнда бірнеше құрылыс жұмыстары да жүргізілуде. Саябақ ішінің таза да көрікті болуына бәрімізде атсалысайық. Тазалық мәдениетін арттыру мен елдімекендердің көркін сақтау әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екендігін естен шығармайық.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 28.10.2025 12:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2006
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5003
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43821
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214129

Серіктестер