Онлайн газет



Басым бағыттардың орындалу барысы талқыланды

Өткен аптаның жұмасы күні аудандық прокуратурада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы  Жолдауының  басым бағыттарының орындалу барысы  талқыланды.
Дөңгелек үстелді  ашқан  аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Н.Асабаев  Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы – еліміздің ұзақ мерзімді даму жолын айқындайтын стратегиялық маңызды құжат екендігін және 2050 жылға қарай мемлекетіміздің әлемнің бәсекеге қабілетті 30 дамыған елінің қатарына ену мақсаты тұрғандығы жөнінде  кеңінен әңгіме қозғады. Нұрлан Қалтайұлы  Жолдаудан туындайтын міндеттерге орай аудандық прокуратурада  атқарылып жатқан шараларға қысқаша тоқтала келе, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған межелі міндет, нақты мақсаттарды топтастырған  құжатта өмірдің барлық салалары (инновациялық индустрияландыру, агроөнеркәсіп саласын дамыту, ғылыми қамтымды экономика құру және еліміздің инфрақұрылымдық жүйесі мен шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулықты сақтау) қамтылғанын, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға баршамыз үлес қосуымыз қажеттігін  баса айтты. Сондай-ақ  жемқорлықпен күрестің маңызын да сөз етіп,  келешекке  бағдар жасайтын басты құжатқа қолдау арқылы ұлы істерді атқаруға болатындығын тілге тиек етті.
Келелі мәселені қозғаған  шарада  аудан прокурорының  көмекшілері  С. Айтжанов, А. Рыспанова,  аға көмекшісі Б. Қалыбаев,  аудан әкімінің ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас маманы   А.  Мұстафа, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің  бас маманы Н.Оразымбетов,  аудандық жер кадастр орталығының  директоры  А. Мейманқұловтар  өздерінің ойларын ортаға салып, Жолдауда көрсетілген маңызды сұрақтар бойынша пікір алысып, өз ойларын білдірді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 01.08.2014 15:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін767
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада767
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7279
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258948

Серіктестер