Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚҚА ӘР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы біз секілді еңбек адамдарына жасалған үлкен құрмет деп білемін. Жасыратыны жоқ бұған дейін қатардағы жұмысшылар анау айтқандай елене бермейтін. Ал биылғы жылы әрбір мерекелерде оларда қатардан қалмай әртүрлі марапаттардың иесі болуда. Ал бұл біздің өз жұмысымызды ширата түсіп, адал, еселеп атқаруымызға бірден-бір себеп болып отыр.
-Жұмыс істеймін деген адамға кәсіп көп. Мамандықтың жаманы жоқ. Адал табыс тауып, отбасын асырау-әрбір отағасының міндеті. Жүргізуші үлкен жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Жұмысымның әрине қиыншылықтары көп, бірақ маған ұнайды.
Біз Аймантөбе, Жеңіс, Диқан, Көктал ауылдарының көшеде қап-қап болып тұратын тұрмыстық қалдықтарын жинаймыз. Тазалық сақталмаса, яғни тұрмыстық қатты қалдықтар мен күл-қоқыстар кез келген жерде шашылып жатса, көшенің көркі де қашады. Міне, сол үшін тазалыққа көңіл бөлудің мән-маңызы зор. Осы мәселелерге байланысты елімізде соңғы жылдары тазалықты сақтауға мән беріліп, жыл сайын көктем және күз мезгілінде тазалықтың екі айлығы жарияланып, айлық аясында тазалық, елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сол тазалық жұмыстарының арқасында елдімекендер, көшелеріміз таза, - дейді жүргізуші Ринат Битабаров.
Ринат Қуанышұлы ауданымыздағы Диқан ауылында 1993 жылы 15 маусымда туған. Газ электригі және дәнекерлеуші мамандығын алған. Бірақ қазіргі таңда Диқан ауылында “Ayyl tazalygy” жекеменшік мекемесінде жүргізуші болып жұмыс жасайды.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау-әрбір азаматтың басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында апта сайын сенбіліктер нәтижесін беруде. Акцияның мақсаты – елдімекендерді, өзен-көлдерді, жол бойларын тазалау мен көгалдандыру. Тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, ең бастысы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
-Мен осында жұмыс жасағаныма бір жылдан асты. Сол бір жылдың ішінде тәжірибе жинап, тұрмыстық қалдықтарды тасу жұмысының қиын екендігін түсіндім. Адамдар тазалықты өзінен бастаса деймін. Ата-әжелері немесе ата-аналары кішкентай балаларға көше тазалығын үйретіп, санасына сіңіріп отырса қоқыстарда азаяр ма еді. Бұл жұмыста 4 адам жұмыс жасаймыз. Мен –«ГАЗ-53» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі болсам, қалған жігіттер көше бойындағы қапқа салынған тұрмыстық қалдықтарды көлікке тиейді. Қоқысты әркім әртүрлі тастайды. Біреулері көшенің шетіне үйіп тастап кетсе, кейбір адамдар көше мәдениетін сақтап ұқыпты жинап, қаптарға салып, көше бойына шығарып қояды. Сондай адамдарға ризашылығымды айтқым келеді. Зайыбым Айгерім Туғанбек екеуміз үш қызды тәрбиелеп отырмыз. Қыздарыма тазалықты сақтауды, көшеге қоқыс тастамау керектігін айтып отырамын, - дейді Ринат Қуанышұлы.

Мадина ЕРКІНҚЫЗЫ,
«Ауыл жаңалығы».

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2141
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5138
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43956
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214264

Серіктестер