Онлайн газет



ЖАМБЫЛДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «АЙБЫН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, азаматтық қорғау саласының ел қауіпсіздігі үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы соңғы жылдары елімізде болған табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда құтқарушылардың ерлігі мен табандылығын жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, соңғы бес жылда қазақстандық құтқарушылар 225 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалған.
Салтанатты іс-шарада өз өмірін қатерге тігіп, ерлік көрсеткен қызметкерлер марапатталды. Солардың бірі – Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісі Шынболат Әзімбаев.
Ол биыл қыркүйекте «Астана» шағынауданындағы өрттен 20 адамды, соның ішінде үш баланы құтқарып қалған. Сондай-ақ «Жамбыл Полимер» зауытындағы жарылыс қаупі бар өртті сөндіруге басшылық еткен. Бұған дейін Шынболат Әзімбаев 2021 жылы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылысының салдарын жоюға да қатысқан.
Қызметіндегі ерлігі мен кәсіби шеберлігі үшін ол Сағадат Нұрмағамбетов атындағы I дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

“Aq jol”- Aqparat.

Обновлено 21.10.2025 11:30
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1620
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1620
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда38063
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295321

Серіктестер