|
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы жұмысының негізгі басымдығы – ашықтық, сайлаушылардың өтініштеріне жедел әрі тиімді жауап беру. Ал бұл «Халыққа жақын болу, халықпен бірге болуды» білдіреді. Партиядан сайланған депутаттардың басты міндеті – партияның Сайлауалды бағдарламасы мен сайлау науқаны барысындағы сайлаушыларға берген уәделерді уақытында сапалы орындау болып табылады. Фракция депутаттарының міндеті: 1. Сайлаушылармен тұрақты байланыс жасау; 2. Фракция отырысына және жұмысына қатысу; 3. Сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарау; 4. Азаматтарды жеке қабылдау; 5. Қоғамдық пікірді зерделеуге, хабарлауға, ұсыныстар
енгізу; 6. Атқарушы органдар мен басшылардың есептерін қарау, фракция отырысының шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізу; 7. Тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бақылау; 8. Азаматтардың құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықтың өзге де бұзушылықтары анықталған кезде олардың тоқтатылуын талап ету фракцияның құзыреттілігіне жатады. Есепті мерзім ішінде партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 3 отырысы өткізіліп, аудандағы маңызды мәселелер талқыланды. Жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептері және партиядан сайланған ауыл әкімдерінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы жоспарға сәйкес тыңдалып, партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы қаралып, тиісті ұсынымдар берілді. Фракция мүшелері халықпен кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдау, бастауыш партия ұйымдарында көшпелі қоғамдық қабылдау мен ауылдық округтерде ардагерлер мен қауымдастық кеңесі мүшелерімен кездесулер өткізуде. Депутаттық фракция мүшелерінен құрылған жұмысшы топ аудандағы құрылыс нысандарының жұмыстарына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық бақылау орнатуда. Сондай-ақ, біз ауылдарға барып, халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салып келеміз. «AMANAT» партиясы атынан сайланған депутат ретінде халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, билікке ұсыныстарын бірге жеткізіп, өз деңгейімізде шешуге үлес қосудамыз. Осы орайда, депутаттарымыз өздері сайланған округтерінің мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында тиісті орындарға 30 депутаттық сауал жолдады. Қазіргі таңда депутаттық сауалдың 47 пайызы орындалып, өз шешімін тапты. 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының “Халықпен бірге!” бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға, ауданның экономикасын дамытуға және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. «Жол картасындағы» жоспарланған жұмыстарға жетекшілік етуге аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бекітіліп, аудан әкімдігінің бөлім басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне орындалуы жүктелді. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы фракция мүшелерінің назарынан тыс қалмайды. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасында көрсетілген іс-шаралар мен индикаторлардың орындалуына, негізгі 7 басым бағыттарының жоғарғы деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалыса беретін боламыз. Бүгінде фракция мүшелері әлеуметтік желілерде өздерінің жеке парақшаларында атқарылып жатқан жұмыстарын тұрақты түрде жариялап, белсенділік танытып, оқырмандарымен кері байланыс орнатып отырады. Партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері қоғамдық қабылдауларда азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап, олардың өтініш-тілектерін қанағаттандыруға ерекше назар аударуда. Барлық проблемаларды бір мезетте шешу мүмкін емес. Десек те, бұл мәселелер басты назарда. Негізгі бағытымыз - жергілікті атқарушы органдармен әріптестік негізде жоспарлы жұмыстар жүргізіп, халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруға үлес қосу. Ал, халыққа адал қызмет ету, олардың мұң-мұқтажын заң аясында қарап, шешу, сенімін ақтауға фракция мүшелері бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Сондықтан әрқайсымыз ел мүддесі, кемелді келешек үшін жұдырықтай жұмылып, жұмыс жасай беретін боламыз.
Асылбек ЖАНТАЕВ, аудандық мәслихаттың депутаты, депутаттық фракцияның төрағасы. |