Онлайн газет



СОТ АЛДЫНДАҒЫ ТЕҢДІК – ӘДІЛДІКТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Әділдік – мемлекеттің ең асыл құндылығы. Ал сот алдындағы теңдік – сол әділдіктің өзегі. Заң үстемдік еткен қоғамда әрбір азаматтың құқығы қорғалып, барлығының сот алдындағы мәртебесі тең болуы шарт.
Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп нақты жазылған. Бұл қағида – қоғамда әділдік орнатудың басты кепілі. Азаматтың әлеуметтік жағдайы, қызметі, байлығы немесе таныстығы сот төрелігіне ықпал етпеуі тиіс. Сот процесі тек заң мен дәлелге сүйеніп, шешім қабылдайтын бейтарап алаң болуы қажет.
Қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыпты қолдауда күнделікті қызметімде осы қағиданың өміршеңдігін айқын сезінемін. Сотқа қатысқан әр іс-тек айыптау не қорғау емес, әділдікті қалпына келтіру жолындағы жауапты міндет. Мемлекеттік айыптаушының басты мақсаты- азаматтың кінәсін дәлелсіз жүктеу емес, керісінше шындықтың салтанат құруына үлес қосу. Себебі сот алдында әр тараптың дауы тең естілуі-нағыз әділ төреліктің кепілі.
Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің ашықтығын арттыру бағытында ауқымды реформалар жүргізілуде. Онлайн сот процестері, істердің жария талқылануы, шешімдердің қолжетімді болуы-барлығы халық сенімін нығайтуға бағытталған қадамдар.
Сот алдындағы теңдік-жай құқықтық ұстаным емес, қоғамның дамуы мен елге деген сенімнің көрсеткіші. Әділ шешім-адам құқығын қорғаудың ең биік деңгейі. Сондықтан прокурор мен судьяның парызы- заңның беделін сақтап, теңдік қағидасын мүлтіксіз орындау.
Сот алдындағы теңдік -әділ қоғамның айнасы. Ал әділдік орнаған жерде халықтың сенімі бекиді.

Жұлдыз Қойкенова,
Байзақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2044
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5041
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43859
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214167

Серіктестер