Онлайн газет



ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАР ЕСЕП БЕРДІ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Ел ішінде етек жайған жемқорлық жолын қалай бөгеуге болады? Осы мәселе төңірегінде аз айтылып жүрген жоқ.
Кеше, аптаның дүйсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжілістер залында аудан әкімінің орынбасары Сағындық Кенжебаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша облыстық мемлекеттік мекеме басшыларының халыққа есеп беру кездесуі болып өтті. Аталмыш отырыс Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын басшылыққа алып, іске асыру мақсатында жергілікті аудан тұрғындарына есеп беру кездесулерін өткізуге арналды. Отырысқа аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыстың мемлекеттік мекеме басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалған отырыс барысында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры Мүсілім Қасымов, Жамбыл облысы әкімдігі экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов, облыстық статистика департаменті директорының орынбасары Ерлан Токкулиев, Қазақстан Республикасы Қаржылық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Алмас Дүйсенбаевтар ретімен баяндама жасап, өз салаларына қатысты есептерін берді.
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің  Жамбыл облысы бойынша департаментінде  Қазақстан Республикасы Президентінің қойған міндеттеріне сай, сыбайлас жемқорлық сипаттағы іс-әрекеттердің алдын алу және оларға жол бермеу мәселелеріне ерекше көңіл аударылып келеді»-деп, сөзін бастаған Мүсілім Жеңісұлы департаментте қол жетімді жерде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы», «Лицензиялау туралы»  Қазақстан Республикасы заңдарының ресми мәтіні, департамент басшылығымен және бөлім бастықтарымен азаматтарды қабылдау кестесі ілінгендігін және азаматтардың хаттары мен жүгінімдеріне арналған мөлдір жәшік орнатылғанын жеткізді. Сондай-ақ департаментте сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ашықтықты қамтамасыз ету, осы бағытта атқарылған іс-шаралар, сенім телефонының жұмысы, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзу фактілерінің тіркелмегені, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізілген жұмыстар,  тарифтік саясат пен есептеу құралдарын орнату мәселесі, департаментке жыл басынан осы уақытқа дейін келіп түскен жүгінімдер, тағы басқа мәселелерге жеке-жеке тоқталып, слайд арқылы айтып отырды.
Өз кезегінде сөз алған Жомарт Амангелдіұлы облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасаса, облыстық статистика департаменті директорының орынбасары Ерлан Абдукапарұлы аталмыш департаменттің Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайтындықтарын айтты.
Халыққа есеп беруін ҚР Қаржы министрі бекіткен бұйрықты басшылыққа алып, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған іс-шаралар туралы бастаған басшы орынбасары Алмас Елтайұлы инспекция қызметкерлерінің жұмыстарына кеңінен тоқталды. Инспекция басшылығы мен қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сұхбат беруі, мақалалар жариялауы, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу, азаматтармен жеке қабылдаулар ұйымдастыру сынды атқарылған жұмыстар төңірегінде сөз қозғай келе, ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында Байзақ ауданының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарына жүргізілген кешенді бақылау барысына тоқталды. Ондағы бюджет қаражатының жұмсалуында орын алған заң бұзушылықтар, мемлекетік сатып алу заңы талаптарының бұзылу фактілері, бақылау қорытындысында лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жазалар туралы айтты.
Аудан әкімінің орынбасары Сағындық Жұмағұлұлы: «Елбасымыз Н.Назарбаев «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деген. Сондықтан, барлығымыз өздерімізге жүктелген міндеттерді дұрыс, ұқыпты және жауапкершілікпен атқарып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа көп болып атсалыссақ жұмысымыз нәтижелі болады деп сенемін»-дей келе, отырысты қорытындылады.

Обновлено 01.08.2014 15:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1058
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада1058
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7570
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259239

Серіктестер