Онлайн газет



ЖҮГЕРІНІҢ ӘР ГЕКТАРЫНАН 72,0 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ АЛЫНУДА

Биылғы жылы аудан бойынша 2140 гектарға дәндік жүгері егілген еді. Бүгінде аудан әкімдігі ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша 1950 гектар жердің жүгерісі жиналып, одан 14040 тонна өнім алынды. Ал бұл әр гектардан алынған өнімнің  72,0 центнерден айналғанын көрсетіп отыр.
Аудандағы 17 ауыл, ауылдық округтер жүгеріні түгелдей ексе, олардың 11-і жиын-терінді ойдағыдай аяқтады. Олардың арасында ботамойнақтық шаруалар 98 гектар жердің әр гектарынан 75,0 центнерден өнім алып, әзірге көш бастап тұр.
Әліде жүгерілерін жинап жатқандар арасында жаңатұрмыстық шаруалардың көрсеткіштері жоғары болып отыр. Олар 75 гектардың 50 гектарын жинап, алынған өнім гектарына 90,0 центнерден айналуда. Өнім түсімі Түймекент, Жалғызтөбе ауылдық округтерінде де жаман емес.


Жүгері жинаумен айналысып жатқан Бәйтерек, Бурыл, Диқан, Жалғызтөбе, Жаңатұрмыс, Түймекент ауылдық округтері өз жүгерілерін күздің жаңбырлы күндеріне ұрындырмай, төкпей-шашпай жинап алуы қажет.
Ауданда биылғы жылы 1100 гектар алқапқа қант қызылшасын егу жоспарланған болатын. Шаруалар жаздай қызылшаны жақсы күтімдеудің арқасында шығым жаман емес.
Аудандағы «Агрохолдинг Аслан» ауыл шаруашылығы кооперативі 15, «Ахтамберді» шаруа қожалығы 5, ал «Айсұлу» шаруа қожалығы 2,5 гектардың тәтті түбірін жинады. Алынған  орташа өнім әр гектардан 500-1000 центнер аралығында айналуда.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 17.10.2025 13:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2035
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада5032
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43850
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214158

Серіктестер