|

Осындай тақырыпта аудандық орталық кітапханада өткен семинарды аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов ашып, жүргізіп отырды. Айтулы шараға аудан әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ мүшелері, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бас мамандар қатысты. Семинар барысында облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Медет Атен ономастика саласының заңнамалық актілерге және әдістемелік ұсынымдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда ономастика жұмысының критерийлері, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы”
ҚР Заңының 12-14 және 14-1 баптарына екпін салды. Бекітілген жол карталарын, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктеріне, объектілерге атау беру, қайта атау, мағынасы жағынан ескірген атауларды қалпына келтіру мәселелері мен сондай-ақ ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Бүгінгі таңда атау беруде кісі есімдеріне шектеу қойылғандықтан, жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің әзірлеуімен «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар Медет Қайратұлы Қазақстан Республикасының “Құқықтық актілер туралы” заңының 18-бабына ерекше басымдық бере отырып, ҚР Әділет министрлігінің 2023 жылғы 4 шілдедегі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар туралы №1-3-5/5149-И хатына сәйкес атқарылатын жұмыс талаптарына жеке-жеке тоқталды. Семинарда Мырзатай, Темірбек, Көптерек ауылдық округтерінің әкімдері Асхат Оспаналиев, Артур Утебаев, Самат Кусемисовтер және Бурыл, Түймекент, Сарыкемер ауылдық округтерінің бас мамандары әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне, сондай-ақ объектілерге атау беру және оларды қайта атауға, аншлагқа қатысты сұрақтарын қойды. Күн тәртібінде көтерілген мәселеге қатысты туындаған сауалдарға Медет Қайратұлы жан-жақты жауап берді.
“Ауыл жаңалығы”- ақпарат. |
|
Обновлено 17.10.2025 13:29 |