Онлайн газет



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ - МАҢЫЗДЫ НАУҚАН

Ауыл шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі экономикамыздың маңызды саласы екені белгілі. Ондағы ахуал ауылда тұратын халықтың әл-ауқатымен, олардың тұрмыс сапасы мен табысына тікелей байланысты. Сондықтан, мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға аграрлық саланың шынайы жағдайы туралы толық әрі нақты мәлімет керек. Осы мақсатта, елімізде бастау алған ауыл шаруашылығы санағы бүгінде өз жалғасын табуда.
Өткен аптада Ауыл шаруашылығы санағы науқанының барысымен танысу үшін аймаққа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Қостөбе ауылына келді.
Аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, аудандық статистика басқармасының басшысы Дамир Нұрабаев ауыл шаруашылығы санағының өту барысы туралы нақты ақпараттар берді. Мақсат Қайратұлы ауылды аралап, бірқатар тұрғын үйлерге кіріп, Қостөбе ауылына бекітілген интервьюер жұмысын қадағалады.
Қостөбе ауылында тіркелген 116 шаруа қожалықтың 4-еуі мал шаруашылығы, қалған 112-сі егін шаруашылығында еңбек етеді. Санақтың алғашқы онлайн кезеңінде аталған округ бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілген. Енді екінші оффлайн кезеңінде 332 жеке қосалқы шаруашылықтар өту үстінде.
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл жай ғана статистикалық науқан емес, бұл – ауыл шаруашылығының болашағы үшін жасалып отырған стратегиялық қадам. Санақтың нәтижелері аграрлық сектордың дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларын тиімді жоспарлауға, фермерлердің жағдайын жақсартуға және аграрлық саясаттың ашықтығын қамтамасыз етуге негіз болады,-дейді Мақсат Қайратұлы.
Жалпы, аудан бойынша ауыл шаруашылығы санағының өту барысына оң бағасын берген Ұлттық статистика бюросының басшысы бұдан соң көрші ауданға аттанып кетті.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 14.10.2025 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1944
mod_vvisit_counterКеше2997
mod_vvisit_counterОсы аптада4941
mod_vvisit_counterӨткен аптада17651
mod_vvisit_counterОсы айда43759
mod_vvisit_counterӨткен айда74816
mod_vvisit_counterБәрі3214067

Серіктестер