Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚ-ӨРКЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жұмыстар ауданымызда да жоспарға сәйкес жүйелі апта сайын атқарылып келеді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің белді басылымдарының бірі - “Ана тілі” газетіне берген “Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту” атты сұхбатында “Таза Қазақстан” акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін” деп атап өткеніндей, акция басталғалы бері байзақтықтар оған өз үлестерін  қосып, бұл үрдіс әлі күнге жалғасын тауып келеді.
Өткен аптаның сенбісінде аудан орталығындағы “Астананың 10 жылдығы” атындағы саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме қызметкерлері мен “Жастар ресурстық орталығының” ұжымы қатысты.
Сенбілік аясында саябақ ішіндегі ретсіз өскен шөптер шабылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді.  Нәтижесінде жиналған 6 тоннадан астам қоқыстар арнайы орынға шығарылды.

“Ауыл жаңалығы”-ақпарат.

Обновлено 14.10.2025 11:18
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін0
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2850
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38444
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949329

Серіктестер