Онлайн газет



Парақорлыққа тосқауыл

М. Дондаев,
Байзақ ауданы бойынша салық басқармасының  есептеу, талдау және жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің тәуелсіз елімізде ғана емес, күллі дүние жүзіндегі маңызды шаруалардың бірі болып отыр. Өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуды баяулататын, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына қауіп төндіретін қатерлі  құбылыс болып табылады.    Жемқорлықтың залалы туралы Елбасымыз өзінің үстіміздегі жылғы “Қазақстан жолы-2050:  бір болашақ, бір мақсат, бір мүдде” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да жемқорлықпен күресті күшейту туралы айтқан болатын.
Шындығында да  қазіргі  таңда елімізде Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың және кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеруді болдырмаудың кешенді шаралары атқарылуда.Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және  жемқорлықтың кез келген көріністерінің алдын алу  мақсатында  аудандық салық басқармасында  2-28-38 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық әр түрлі сипатта болатындығы ақиқат. Десекте бұлардың ішіндегі ең қауіптісі- парақорлық. Әрине, сыбайлас жемқорлық барлық мемлекеттерде тамырын тереңге жіберген. Сондықтан онымен күресу ымырасыз, тоқтаусыз және барынша қатал түрде жүргізілуі тиіс деп санаймыз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін636
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада636
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7148
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258817

Серіктестер