Онлайн газет



ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Өткен аптаның жексенбісінде  Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауы болып өтті. Ауыл әкімін сайлау – тек саяси шара ғана емес, бұл – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі десек орынды болмақ.
Бурыл ауылдық округінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталып, әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, ауыл әкімі болуға ниетті кандидаттар арасынан өз таңдауларын жасап, азаматтық жауапкершілік танытты.
Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.
Ауылдық округ әкімінің сайлауына екі кандидат сайлауға түссе, олардың екеуі де өзін-өзі ұсынған. Сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері және тәуелсіз байқаушылар дауыс беру барысын қадағалап отырды. Мұнда дауыс берушілерге барлық жағдай қарастырылған екен.Арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған. Учаскелік комиссия мүшелері үйден дауыс беруге өтініш білдірген тұрғындарды аралап шықты.


Бурыл ауылдық округі бойынша №139, №140, №468, №469 сайлау учаскелері жұмыс істесе, 18 жасқа толған 24 жас алғаш рет дауыс берді. Жалпы, ауылдық округ бойынша 7936 сайлаушы болса, олардың 21-і үйден дауыс беруге өтініш білдірген.

Ақпараттық медиа орталығы.

Обновлено 14.10.2025 11:14
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2929
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11251
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74729
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120539

Серіктестер