Онлайн газет



ОН ЖЕТІ АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Мансаптық орталығының ұйымдастыруымен “Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жұмыссыздарға, жұмыс іздеушілерге, арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Аталған жәрмеңкеге аудан бойынша  жұмыссыздар, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушы азаматтар, алимент бойынша берешегі бар борышкерлер және жұмыс беруші мекемелер қатысты.
Жұмыс беруші тараппен бірлесе отырып, жәрмеңкеге қатысқан азаматтарды жұмысқа орналасуына жәрдем беру туралы мәселе қарастырылды.
Жалпы, жәрмеңкеге 65 жұмыссыз азаматтар қатысып, барлығы жұмыс берушілермен  әңгімелесуге жіберілді. Жәрмеңкеде 60 жұмыс беруші мекемеден түскен 151 бос жұмыс орындары ұсынылды. Бос жұмыс орындары келесі салалар бойынша ұсынылды. Олар бастауыш сынып мұғалімі, мейіргер, экономист, мектеп психологі, инженер-программист, видеооператор және тағы басқалар.
Жәрмеңкеге 65 жұмыссыз адам қатысып, барлығы жұмыс берушілермен әңгімелесуге жіберіліп, кеңестер берілді. Нәтижесінде 17 адам жұмыспен қамтудың белсінді шарасына тартылды.  Атап айтсақ, 17 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2 азамат пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар. 5 адам жұмыссыз есебіне тіркелді.
Қалған жұмыссыз азаматтарға консультациялық кеңес, жұмыс орнын  таңдау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мадина Еркінқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 14.10.2025 11:11
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1915
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1915
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36198
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196679

Серіктестер