Онлайн газет



БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУГЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін енгізілген, дағдарыстан кейінгі дамудың бағыт-бағдарын айқындайтын, қолдаудың нақты тетіктері мен жолдары көрсетілген кешенді бағдарлама. Ол Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар, бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын ашу. Сондай-ақ аталмыш құжатта жаңа бизнес бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру және шетке өнім шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау, кәсіпкерлік потенциалын күшейту сынды нақты төрт бағыт қамтылған.
Осы мақсатта аптаның дүйсенбісі күні аудандық әкімдіктің мәжілістер залында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасының  төртінші бағыты аясында шағын орта кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау бойынша семинар болып өтті.
Кәсіпкерлік потенциалды күшейту үшін жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау бойынша мемлекеттік шараларды ауыл тұрғындарына таныстыру мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысын өткізуге Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы ұйытқы болды.
Аталмыш семинарға аудан әкімінің орынбасары Д.Сұлтанбеков, аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Наурызбаевтың кіріспе сөзімен ашылған семинар барысында кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданындағы филиалының директоры Д.Нұралиев сөзге шығып, жиналған кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі бағыттары, атап айтқанда, несие бойынша субсидияны және кепілдемені қалай алуға болатындығы, сондай-ақ бизнеске қай жерде тегін оқуға және бизнесті жүргізу үшін сервистік қолдауды қалай алуға болатындығы туралы түсіндірді.
Сонымен қатар, ретімен сөз алған «Даму» АҚ-ы Жамбыл облыстық кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдері Л.Молдалиева, Ж.Сәтекбаевтар, «Халық банк» АҚ-ның өкілі У.Абибулла қатысушыларға шағын және орта бизнесті қолдау бойынша банктік өнімдер туралы, оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жан-жақты мәлімет берді.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сервистік компания өкілі, топ жетекшісі А.Талипов болса, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау бойынша ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге кеңінен таныстырды.
Семинар соңында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен өңірлік кәсіпкерлер палатасының сервистік компания өкілдерінің өтініш анкеталары қабылданды. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Байзақ аудандық филиалының директоры Д.Нұралиев аудан аумағындағы 18 ауылдық округтен тағайындалған палата өкілдерін таныстырып өтіп, оларға қажетті материалдарды табыс етті.

Обновлено 01.08.2014 14:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін11
mod_vvisit_counterКеше1129
mod_vvisit_counterОсы аптада1140
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7652
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259321

Серіктестер