Онлайн газет



ӘЛМАХАН МЕН АНАТОЛИЙ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

1 қазан – Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында бильярд пен шахматтан аудандық жарыс өтті. Жарысқа аудан имамдары да қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров пен ауданның бас имамы Қанат Жұмағұл ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, спорттық жарыста жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
Аудан орталығындағы «Ержұма» бильярд орталығында өткен жарысқа 16 ардагер, ал аудандық Қоғамдық кеңес ғимаратында өткен шахмат жарысына 14 шахматшы қатысты. Екі спорт түріненде жарыс аса тартысты өтті. Нәтижесінде бильярдтан өткен жарыста Сарыкемер ауылынан қатысқан Әлмахан Исабаев барлық қарсыласын жеңіп, бірінші орынды иеленді. Ал түймекенттік Абдулхат Абдуманан мен жетібайлық Серік Кенбаев екінші-үшінші орындарды бөлісті.
Шахмат ойынында Бурыл ауылынан келген ардагер Анатолий Похоруков ешкімге дес бермей бірінші орынды, ал сарыкемерлік қария Аманкелді Оспанов екінші орынды иеленсе, мырзатайлық Сейітқазы Толымбеков үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздарға аудандық ардагерлер кеңесі мен спорт бөлімінің атынан диплом, медальдар, ал «Amanat» партиясы аудандық филиалы атынан сыйлық табыс етілді.
Жарыстың өз дәрежесінде өтуіне аудандық ардагерлер кеңесі жанындағы спорт жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серік Кенбаевтың қосқан үлесі мол болды.
Бұл күнгі жарыстан жеңген де, жеңілген де ардагерлер риза болып қайтты. Ең бастысы олар мереке күні ауданның әрбір ауылдарынан келіп, бір-бірімен дидарласқандарына дән риза.

Өз тілшіміз.

Обновлено 03.10.2025 11:08
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2091
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2091
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57036
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700304

Серіктестер