Онлайн газет



ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

Қазіргі таңда халқымыздың тұрмыс жағдайы жақсарып, әл-ауқаты артып келеді. Көптеген азаматтар жаңа қоныс тойын тойлауда. Үй салып, қажетті заттар, үй жиһаздарын алып, өз үйлерін жайлы, жылы, таза ұстауға тырысып, өз күшімен қол жеткізген жетістіктерге сүйсіне қарайды.
Алайда болмайтын бір кемшілік, немқұрайлылықтан өрт шығып, маңдай термен, көптеген жылдар бойы жинаған дүние – мүлік тілсіз жау отқа оранып, құрдымға кетіп, соңы қайғылы жағдайға соқтырып жатады.
Күз келісімен ауыл тұрғындары ауласын, бау-бақшасын қураған шөптен, қоқыстан тазартамыз деп қоқыс жағып, қараусыз қалдырып, соңы үлкен өрттерге алып келеді. Өрттің салдарынан адамдар тұрғын үй, автокөлік және ең басты құндылық адам өміріне үлкен қауіп тудырады.
Осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін мынадай өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар:
1. Аула аумағын үнемі жанғыш қи-қоқыстардан тазартып тұрыңыз;
2. Аулада қураған шөп, тұрмыстық, қи-қоқыс жағуға жол бермеңіз;
3. Тұрғын үйлерде тез тұтанғыш сұйықтықтарды (керосин, бензин, тағы басқа) сақтауға жол бермеңіз;
4. Үйлерге жақын және салынып жатқан құрылыс шатырларында шөп жинауға жол бермеңіз;
5. Ас бөлмесі, дәліз, шатырларды қираған үй жиһаздарымен және бөгде заттармен бөгеуге жол бермеңіз;
6. Шөпхана мен қоймаларда ашық от көздерімен (жанып тұрған факелмен, сіріңке, тағы басқа)  жүруге жол бермеңіз;
7. Балалардың сіріңкемен және ашық от көздерімен ойнауына жол бермеңіз.
Естеріңізде сақтаңыздар! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау - әр  азаматтың міндеті. Өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзған азамат - әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ержан ӘБдірәимов,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1885
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1885
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36168
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196649

Серіктестер