|
Балалардың жарақаттануын төмендету мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: - кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құлау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады; - жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады; - москит торларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға
ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйенуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды; - егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режімін қолданыңыз; - терезелерге мүмкіндік бермейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді; - терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз; - егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз. Баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз; - егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз; - балаларға қауіпсіздік сабақтарын, үлкендердің кішіге баскөз болуын үйретіңіз.
Архат ӨКСІКБАЕВ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері. |