Онлайн газет



ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАДАҒАЛАНУЫ ТИІС

Кеше аудан әкімдігінде аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Онда «Ауыл-ел-бесігі» бағдарламасының орындалуы туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, «Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» басқарма басшысы Рита Алтынбасова, «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ КМК-нің атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» кәсіпорын басшысы Еркінбек Оразовтар баяндады.
-«Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша 2025 жылға ұсынылған жобалар арасынан құны 1527,4 млн. теңгелік 14 жобаны іске асыру көзделген. Бұдан 6 ауылдық округ бойынша 984,7 млн. теңгенің 11 жобасы жүзеге асырылуда. Бұл 38,044 шақырымды құрайтын елдімекен көшелеріне орташа жөндеу жүргізу.
Сонымен қатар аталған жоба аясында 2024 жылдан биылғы жылға өтпелі Сарыкемер ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 26,6 млн. теңге, Мырзатай ауылындағы 120 орындық мәдениет үйін салуға 126,2 млн. теңге,  Қосақ ауылындағы Қосақ орта мектебінің спорт залы мен асханасының қосымша құрылысына 389,9 млн. теңге бөлінді.
Көшелерді орташа жөндеу бойынша 5 жобаның жұмысы аяқталды. Мырзатай ауылындағы 120 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, - деді Дулат Бекбосынұлы.
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының негізгі мақсаты – аудан халқының денсаулығын нығайту және аурулардың алдын алу болып табылады. Мекемеде биылғы жылдың 8 айында жоспарға сәйкес профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстары уақытылы жүргізілген. Нәтижесінде 27 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 1159940 теңге  мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынып, өндірілген.


Инфекциялық аурулардың деңгейі 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кейбір аурулар бойынша төмендесе, керісінше кейбір аурулар бойынша жоғарылаған. Ең бастысы ауданда аса қауіпті инфекциясы 2024-2025 жылдары тіркелмеген. Басқада атқарылған жұмыстар мен бірнеше елдімекендердегі ауыз су құбырлары нысанына және Сарыбарақ орта мектебіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға, кейбір мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау, жөндеу қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.
Баяндамада айтылғандай ауданда ауыл шаруашылық жануарларына эпизоотиялық-энзоотиялық іс-шаралар жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Нәтижесінде эпизоотиялық ахуал тұрақты. Алайда қанғыбас ит мәселесі көпті алаңдатып отырғаны да айтылмай қалмады.
Кеңесте баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Баяндамашыларды мұқият тыңдаған аудан әкімі Олжас Елебекұлы қаралып отырған мәселелерге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау, уақытында, сапалы аяқталуына сәйкес  тиісті азаматтарға нақты тапсырмалар берді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 30.09.2025 12:06
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1864
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1864
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36147
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196628

Серіктестер