Онлайн газет



Ауыз су тазалығы- денсаулық кепілі

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесіне тән. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
“Су-тіршілік көзі, жердің нәрі”-деп дана халқымыз текке айтпаған. Халықтың денсаулығы ең бірінші ауыз суға байланысты болса, ал ауыл халқының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі өсірген егіні мен алған өніміне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті.
Таза ауыз су-адам денсаулығының кепілі. Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның ең өзектісі -ауыз су мәселесі болып табылады. Бұл мәселені Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған әр жылдардағы Жолдауының басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып жүр. Сондықтан да осы мәселені шешудің маңызды бір жолы ретінде елімізде Елбасының тапсырмасымен 2002-2010 жылдарға арналып “Ауыз су” бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарлама өзінің алдына қойылған міндеттерді негізінен орындап, халықтың қолын орталықтандырылған таза ауыз суға жеткізу барысында бірқатар түйінді мәселелердің оңды шешілуіне ықпал етті. Бұдан соң 2011-2020 жылдарға арналған “Ақбұлақ”  мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, оны жүзеге асыру  қызу қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету.Осы бағытта ауданымызда да біраз игілікті шаралар іске асырылуда. Бүгінгі таңда  ауданымыздағы 12 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Бүгінгі күнге дейін ауданымызда 742   отбасының үйіне су кіргізіліп, су есептегіш құрал орнатылған. Атап айтқанда, Бурыл  ауылдық округінде-204. Құмжота ауылында- 6, Қызыл жұлдыз ауылдық округінде- 84, Ынтымақ ауылдық округінде- 95, Қарасу ауылында- 109, Жақаш ауылында -124, Көкөзек ауылында- 120 отбасы  ауыз судың игілігін көріп отыр. Аталмыш ауылдың тұрғындары су есептегіш құралдарын  орнату арқылы біріншіден суды үнемдеуге,  екіншіден ысырып етпеуге  қол жеткізуде.  Негізінен  суды үнемдеудің  тиімді жолы-су есептегіш құралдарын орнату. Бұл бағытта халықпен  түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Иінағашты мойныңа асып алып, елді мекеннен жырақта орналасқан құдық, бұлақтардан су тасу – бүгінгі күннің адамдарына жат шаруа саналады. Себебі, мына ғылым мен техника  дамыған кезеңде ауылдық жерлерде де су үйге дейін келетіндей құбыр тартылған. Қалалықтар секілді ауылдықтар да  үйде отырып-ақ мұздай және ыстық  судың игілігін көруге қол жеткізді. Әрине, мұның бәрі адамның игілігі үшін жасалынған дүниелер десек  те  кейбір ауылдық округтерде  көше бойларына су құбырлары тартылғанымен, әркім өз отбасына суды кіргізіп алуға, немесе пайдаланған суға ақы төлеуге келгенде “сараңдықтары ұстап”,  “ауламыздағы құдықтар аман болсын” деп отырғандар жоқ емес.
-Осыған дейін пайдаланып келген ауыз судың кермектігі басым болғандықтан, бауыр, бүйрек, өт секілді ағзаларға тастың жиналуына әсер етеді. Сондықтан түтікше құдықтардың суларын пайдаланып отырған  тұрғындар суды мейлінше тереңдіктен алып  пайдаланғаны абзал. Қазіргі таңда Сарыкемер ауылында ауыз суды түтікше құдық арқылы 5,6  метрден, ал Ақшолақ ауылында 20 метр және одан да тереңіректен  алынуда.  Салыстырмалы түрде алғанда орталықтандырылған құбыр арқылы тартылған ауыз суды пайдаланудың маңызы зор,- дейді  МСЭҚБ Байзақ аудандық бөлімінің  мамандары.
Демек сапалы да таза ауыз суды пайдаланғанға не жетсін. Олай болса, әркім өз денсаулығын ойлап,  таза ауыз сумен достасуға асығайық, ағайын!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін833
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада833
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7345
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259014

Серіктестер