Онлайн газет



МІНДЕТ АЙҚЫН

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің саяси экономикалық даму бағытын айқындап берді.
Ауданымыз негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жыл өткен сайын төрт түліктің басы өсіп келеді. Сондай-ақ, инвестиция тарту ісінде де ілгерілеушілік бар. Шағын және орта бизнес өркен жайып, кәсіпкерлер аудан қазынасына үлестерін қосуда.
-Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет, бұл - анық нәрсе. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Қазір елімізде мыңдаған жұмыс орны бос тұр. Түрлі салада, тіпті, жалақысы едәуір жоғары жұмыс орындары бар. Бұл орындарды шетелден келіп жатқан адамдар толтырып жатыр. Әрине, жұмыстың жаманы жоқ, адал еңбектің бәрі-маңызды. Бірақ бұл үрдіс жеке адамға да, бүкіл елге де үлкен пайда әкелмейді. Азаматтардың өндіріске барғаны абзал. Экономиканың нақты саласында жұмыс істеуге ұмтылғаны жөн. Осыған мемлекет қажетті жағдай жасауы керек. Жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыра түсуіміз керек. Оларға лайықты жалақы төлеу қажет. Бұл-мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі,-деді Мемлекет басшысы.
Жолдауда барлық саланы цифрландыру, жасанды интеллектімен жұмыс істеуді білетін мамандарға сұраныс артатындығы да айтылған. Сондықтан  жоғары оқу орындарын бітіріп келген жастарымызды тұрақтандыру үшін оларға жағдай жасауға күш салған абзал.

Ербол Нұрлан,
Сарыкемер ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін450
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада27833
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50133
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820411

Серіктестер