Онлайн газет



АЙТЫСТЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІ - РАЙ ДӨҢБАЙДА!

Өткен аптада аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына  орай, “Amanat” партиясының қолдауымен, аудан әкімдігі және облыс әкімдігі  мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ауған соғысының ардагері, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған “Алты Алашқа танылған ақын еді...” атты VІІ облыстық ақындар айтысы өтті.
Жыр сайысы басталар алдында көрермендер назарына Әзімбек Жанқұлиев туралы бейнеролик ұсынылды. Әрмен қарай сахна төріне шыққан айтыскер ақындар таныстырылды.
Мұнан соң  аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев жерлесіміз, ауған соғысының ардагері, суырып салма айтыскер ақын Әзімбек Көпенұлының

өміржолы мен айтыс өнерінде қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.  Небәрі 41 жасында өмірден озған ақынның есімі, шығармашылығы ел есінде қалғандығын айтып, бәсекеге түскелі тұрған ақындарға сәттілік тіледі.
Қазылар алқасын «Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының» директоры Ахметжан Өзбеков басқарса, құрамында  белгілі айтыскер ақындар Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова, Күмісай Сарсенбаева, Ш.Мұртаза атындағы “Руханият және тарихтану” орталығының басшысы Жасұлан Әбдіхалық, облыс әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман болды. Сондай-ақ, айтысқа тәуелсіз сарапшы ретінде “Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер  орталығының” бөлім меңгерушісі Фариза Кенжебаева таңдалған екен.
Жеребе бойынша  айтыстың алғашқы жұбы болып жуалылық  Қанат Мырзахан мен Т.Рысқұлов ауданынан келген Айтбек Тұрсынбайдың сөз сайысы көрермен көңілінен шықты. Таластық Аят Бәтей мен құландық Асхат Қылышбектің айтыстары тартымды болды.  Әсіресе көрермендер асыға күткен айтыстың бірі - меркілік Мұқағали Балтабай мен байзақтық Рай Дөңбайдың айтысы еді. Қос ақынның сөз саптаулары, тақырыпты ашып, Байзақ жеріндегі атқарылған істерге басымдық бере отырып, әдемі жырмен жеткізуі көрерменнің көңілінен шығып жатты. Тараздық қос ақын, яғни Медеу Мырзатай мен Дидар Апбасовтың, сарысулық Талғат Құсайынов пен мойынқұмдық Динара Әбілхайырдың, таластық Олжас Отар мен шулық Бақытжан Жұмабековтің айтыстары да ел есінде қалды. Әсіресе жігіт пен қыз айтысын әдемі жырмен өре білген жуалылық Санжар Даярбек пен шулық Айым Көшербаеваның айтысы тыңдармандардың көңілін көтеріп тастады. Сарысулық Алик Бекмұсаев пен байзақтық Дидар Басықараевтың айтыстары ерекшелігімен дараланды. Әділқазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік шығып, үздік танылған айтыскер ақындарды аудан әкімі Олжас Баққараев құттықтап, марапаттарын  салтанатты жағдайда тапсырды.

 


Алуан-алуан жүйріктер қоғамдық мәселелер мен қатар ел бірлігі мен татулығын, ұлттық құндылықтарды, сонымен қатар ақын Әзімбектің  айтыс өнеріне сіңірген ерен еңбегін жырларына  қосты. Дүбірлі додада бас жүлде жерлесіміз, айтыскер ақын Рай Дөңбайға бұйырды. Жуалылық Қанат Мырзахан-бірінші орынды иеленсе, екінші орынды байзақтық Дидар Басықараев пен құландық Асхат Қылышбек өзара бөлісті. Меркілік Мұқағали Балтабай, Т.Рысқұлов ауданының намысын қорғаған Тұрсынбай Айтбек, тараздық Дидар Апбасов үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға Диплом, Алғыс хат және ақшалай сыйлықтар табысталды. Басқа ақындарға да құрмет көрсетілді.
Жыр сайысында жекелеген өнерпаздар да өнерлерін көрсетіп, дүйім жұрттың қошеметіне бөленді. Аудандық мәдениет үйінің жезтаңдай әншілері Амангелді Тлепов, Марлен Купешов, Айдын Тлебалдиевалардың орындауында халық әндері шырқалды. Жас термеші Мансур Алишев Молдыбайдың термесін, Кенен Әзірбаевтың әндерін тамылжыта шырқаса,  Дидар Басықараев өзінің туындысы “Жұбаныш” күйін күмбірлете тартты. Сарысулық айтыскер ақын Алик Бекмұсаев зайыбымен бірге әуелете ән шырқап, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті.

Гүлшахар Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 30.09.2025 16:03
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2891
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11213
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74691
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120501

Серіктестер