Онлайн газет



КАНДИДАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жақында Бурыл ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттарға үгіт-насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абилхайыр Боранбаев, мүшесі Мерей Амангелді, Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, тіркелген кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары, Бурыл ауылдық округіне қарасты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Абилхайыр Боранбаев Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27, 28, 29, 31, 32 баптарына түсініктеме берді. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев мемлекет тарапынан кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт жүргізу үшін және баспа материалдарын дайындауға тең қаражат бөлінетінін жеткізді.
Сонымен қатар, Байзақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №345 Қаулысымен бекітілген Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткiзу үшiн шарттық негізде үй-жайлар мен 2023 жылғы 16 қарашадағы №342 қаулысымен бекітілген Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар туралы айтылды.
Жиын соңында кандидаттар мен сенім білдірген адамдар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Обновлено 26.09.2025 12:07
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін494
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада27877
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50177
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820455

Серіктестер