Онлайн газет



АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ

Адам папилломасы вирусы (АПВ) - бұл әр түрлі ағзалардың терісіне және шырышты қабықтарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді.
АПВ қалай  таралады? АПВ жұқтырған адамнан организмнің инфекция түскен терісімен, шырышты қабықтарымен немесе сұйықтықтарымен  тікелей жанасу арқылы беріледі:
1. Тұрмыстық жанасу жолы арқылы. АПВ қол алысу, сүйісу арқылы, терідегі зақымдар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада

тез таралады. Сондықтан қоғамдық орындарға, сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда ұқыпты болғаныңыз дұрыс.
2. Жыныс жолы арқылы. Вирустардың онкогенді типтері жыныс арқылы берілгенде гениталийде орналасатын сүйір сүйелдерді тудырады.
3. Босанған кезде тікелей берілу жолмен. Вирус анадан сәбиге босану кезінде беріледі. Сүйелдер көбінесе бөбектерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.
4. Өзіне-өзі  жұқтыру жолымен. АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші жеріне жиі ауысады.
Вакцинаның құрамында қатерлі ісік жасушалары да, адам папиллома  вирусы да кірмейді. Препараттың нұсқауларына сәйкес төрт валентті вакцинаның белсенді заттары рекомбинантты антигендер L 1 адам папиллома вирусының ақуызы мынадай арақатынаста: 6 тип (20мкг), 11 тип (40мкг), 16 тип (40мкг), 18 тип (20мкг).
Антигендер-бұл вирустың жеке ақуыздары, олар макрофагтар мен дендритті жасушалармен тікелей инфекция орнында сіңіріледі. Нәтижесінде вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Вакцинаның белсенділігі жойылған, сондықтан оның құрамында тірі вирус жоқ және биологиялық себептерге байланысты катерлі ісік тудыруы мүмкін емес. Жатыр мойны обырын  бірге жоямыз!
Нейли Муликова,

 

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының  орынбасары.

Обновлено 26.09.2025 11:55
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1884
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13485
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27086
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005178

Серіктестер