Онлайн газет



КЕЗДЕСУДЕН СОҢ ОЙҒА ТҮЙГЕНДЕРІМ

Өткен аптаның соңғы күні аудан әкімі Олжас Баққараев ауданымыздағы зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Отырыс барысында бала тәрбиесі ақсап тұрғаны талқыланып, зиялы қауымнан еркін түрдегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды. «Әрине қатал тәртіп керек, мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне қойылатын талапты күшейту керек. Оқушылар ұстаздан бұрындары қорқатын еді. Ештеңеден қорықпаған бала қылмысқа ұрынары анық» деген пікірлер де айтылмай қалған жоқ.
Білім беру саласында қырық жылдан астам қызметте жүрмін. Орта мектептен бастап, жоғары оқу орнында, мұғалімдер білімін жетілдіретін институтында, білім басқармасында еңбек жолынан өтіп, орта мектепке оралған жайым бар.
Соңғы жылдары өскелең ұрпақ тәрбиесі төмендеп бара жатқаны шындық. Мектеп оқушылары арасында қылмыстық оқиғалар орын алуда. Қатені қай жерден жіберіп жатырмыз? Ойлансақ ой түбіне жете алмаймыз. Бір кінәліні тауып жазаласақ, жанымыз жеңілдердей. Бірақ онымен қылмыс азаяр емес.

Не істемек керек?
Алдыменен бала тәрбиесінде орын алған олқылыққа қарай бірін-бірі кінәлауды, жазалаудың қажеті жоқ. Ешкім әдейі жасамайды.
Бала тәрбиесі-тек мектеппен ғана емес, ата-анамен, қоғамдық ортамен, мемлекеттік құрылымдармен бірлесе атқарылатын ауқымды жұмыс екені түсінікті. Мұғалімдердің өзінің пәніне қызығатын, сол пәнге қабілетті оқушының бүкіл сынып бойынша ішінде ары кеткенде төрт-бесеуі ғана. Қалған оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырамын деп, әлгі қабілетті бес балаға терең білім беруге уақыты жетпей қалатынын түсінуіміз қажет.
Сабаққа қызықпаған бала әжетханаға, әр жаққа сұранғыш болады. Әжетханаға сұранған оқушыны мұғалім жібермей қоя алмайды. Сұранған баланың өзі тәрізділер мен өктемдігі жүретін балаларды сабақ үстінен шақырып алатыны тағы бар. Сол уақыттарда ірілі, ұсақты тәртіп бұзушылықтар орын алуы мүмкін.

Не істеген жөн?
Оқушылар арасындағы қылмысты тоқтату мектеппен ғана емес, ата-ана, қоғам және мемлекеттік құрылымдармен бірлесе жүргізілуі керек. Тәрбие сағаттарын жүйелі өткізіп, құқықбұзушылықтың салдары, заң алдындағы жауапкершілік туралы нақты мысалдар келтіре отырып, ашық әңгімелер жүргізудің пайдасы мол. Сонымен қатар  психологтар тәуекел тобындағы балалармен жеке және топтық терапия жүргізуі қажет. Құқық қорғау органдарымен кездесулер өткізіп, полицейлер мен заңгерлердің қатысуымен оқушыларға арналған тренингтер, дәрістер өткізудің де пайдасы тиеді. Ата-аналар баламен қалай қарым-қатынас орнату, қиындықтарды ерте тану, агрессияны болдырмау жолдары туралы тренингтер жиірек өткізілсе артық болмас еді. Бұдан бөлек  ата-аналар жиналысында жәй ғана оқу үлгерімі емес, оқушының психоэмоциялық жағдайы, тәртібі, ортадағы беделі де талқылануы керек.
Мектепке бөтен адамдардың кірмеуін, оқушылар арасындағы төбелес немесе заңсыз әрекеттердің алдын алып отыруымыз керек. Ол үшін сынып жетекшілер әр оқушының мінез-құлқын, ортасын, қызығушылығын бақылап отыру, буллингке (қорқыту, мазақ ету) қарсы жүйелі жұмыс, бала қылмысының алдын алу бағдарламаларын енгізу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың пайдасы көп.
Баланы қызықты іс-әрекетке тарту арқылы қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолдарын табу. Бұл ретте спорттық ойындар, қоғамдық жұмыстарға тарту,  экологиялық, әлеуметтік, ғылыми жобаларға қатыстыру арқылы баланың өмірлік құндылықтарын арттыру. Сондай-ақ, ювеналды полициямен байланыс, тәуекел тобындағы балалармен жеке жұмыс жүргізу, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен кездесудің де маңызы зор. Анонимді сауалнамалар арқылы қай сыныптарда буллинг көп, қай жерде оқушылар өзін қауіпсіз сезінбейді – соны анықтау.
Мектеп жағдайына талдау жасап, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастық деңгейін бақылау және оны жақсарту, оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алу-тек жазалаумен емес, түсіндіру, тыңдау, дұрыс бағыт беру, махаббат пен жауапкершілік арқылы жүзеге асыру. Ең маңыздысы – баланың ішкі әлеміне терең үңілу және оны дұрыс түсіне білуге тырысу қажет.
Алдағы уақытта әр мектепке бір-бірден  полиция қызметкерін бекіту керек. Оқу аяқталғанша балалар тәртібі қадағалануы тиіс.
Мұғалім мектептегі өз сабағында білім мен тәрбие берумен айналысады. Полиция қылмыстың орын алмауын, тәртіптің бұзылмауын қадағалаумен айналысуы қажет.  Ата-аналар баласының амандығын, жат қылықтардан аулақ болуын, киімі бүтін, тамағы тоқ болуын, беймезгіл, бейсауат жүрмеуін, сабақтан қалмауын қадағалаумен айналысқаны абзал. Осылайша әркім өз қызметіне деген жауапкершілікті күшейтсе құқықбұзушылықтың алдын алуға болады. Ең бастысы - баланы алдымен отбасында қатаң қадағалау, дұрыс тәрбие берген орынды санаймын.

Жанат ТҰРҒЫНБАЕВ,
Абай атындағы орта мектептің директоры.
Абай ауылы.

Обновлено 26.09.2025 11:58
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2816
mod_vvisit_counterКеше2732
mod_vvisit_counterОсы аптада11138
mod_vvisit_counterӨткен аптада48593
mod_vvisit_counterОсы айда74616
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4120426

Серіктестер