Онлайн газет



WORLD CLEAN UP DAY АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

2023 жылы БҰҰ Бас ассамбеясы 20 қыркүйекті “Дүниежүзілік тазалық күні” деп жариялау туралы қаулы қабылдаған болатын. Өткен жылдан бастап елімізде Ел Президентінің бастамасымен “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы жүзеге асып келеді. Өткен сенбіде “Дүниежүзілік тазалық күніне” орай халықаралық World Clean Up Day акциясы өтті.
Аталған акцияға аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл, ауылдық округі әкімдіктері, бюджеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, «Сарыкемер-Түймекент» бағытындағы автомобиль жолының бойындағы қураған бұтақтарды кесіп, жол жиектерінде өскен арам шөптерді  шауып, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
- Бұл күні әлемде миллиондаған адам сенбілікке шығып, тазалықтың орнығуына үлестерін қосады. Мұндай игілікті істер қоршаған ортаны қоқыстардан тазартып, қоғам назарын аударуға, тұрғындардың арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға негіз болады деп ойлаймын. Сонымен қатар, апта сайын өтіп жатқан сенбіліктердің басты мақсаты-аудан аумағында тазалықты сақтауға, тазалық пен тәртіптің әрқайсымызға байланысты екенін түсінуге, өскелең ұрпақты, табиғатты аялауға тәрбиелейді деп ойлаймын,-деді қатысушылар.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуда үлкен рөл атқарып отыр. Сондықтан қоршаған ортаға деген жауапкершілік өзімізден басталатындығын, табиғатты аялау, болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдыру жолында жұмыла жұмыс жасау-ортақ іс екендігін ұмытпайық.

Айдар Алдабергенов,
“Ауыл жаңалығы”.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1813
mod_vvisit_counterКеше2101
mod_vvisit_counterОсы аптада13414
mod_vvisit_counterӨткен аптада13601
mod_vvisit_counterОсы айда27015
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі4005107

Серіктестер