|
Өткен аптаның жұмасында «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы партияның аудандық филиалында өтті. Отырыста Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды. Алдымен кеңес төрағасы Оралхан Дәуіт баяндама жасап, партия бастамасымен жүзеге асып жатқан
«Таза Қазақстан» жобасының маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды қоғам болып жалғастыру қажет екенін айтты. Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасындағы экологиялық көрсеткіштердің Байзақ ауданында орындалу барысы жөнінде аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев баяндама жасап, ауданда жалпы аумағы 13 гектарды құрайтын бір ғана полигон бар екенін, оған 42 елдімекеннен тұрмыстық қалдықтар тасымалданатынын жеткізді. Кеңес мүшелері тарапынан ауыл тұрғындарының қоқыстарын жинап алып кетудегі қиындықтар, арнайы қоқыс тасымалдау көлігі, көшелерде арнайы қоқыс контейнерлерінің болмауы және де жаңа салынған тұрғын үйлердегі кәріз жүйесі, ауыл тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы жасалынып жатқан іс-шаралар мен жобалар мәселелері төңірегінде сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар айтылды.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |