|
«AMANAT” партиясы Байзақ аудандық филиалында өткен Партияның Жамбыл облыстық филиалы жанындағы “Экологиялық мәселелер” жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысынан кейін кеңестің мүшелерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының
белсенділері мен партия қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, акцияға партия жанындағы «Экологиялық мәселелер» жөніндегі аймақтық кеңестің мүшелері де белсенді түрде атсалысты. Акция аясында 100-ден астам қатысушы «Байзақ ауданына 80 жыл» саябағы мен Сарыкемер және Түймекент ауылдары арасындағы күре жол бойын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарына үлес қосты. Бұл бастама-қоршаған ортаны қорғауға деген ортақ жауапкершілікті арттырып, тұрғындарды табиғатты таза ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |