Онлайн газет



ОФЛАЙН САНАҚТЫ ӨТКІЗУГЕ АРНАЛДЫ

20 қыркүйектен бастап елімізде ауыл шаруашылығы санағының екінші кезеңі бастау алады. Интервьюерлер барлық елдімекенде үй-үйді аралап, деректер жинайды.
Бұл туралы әкімдіктің мәжіліс залында  өткен «Офлайн санақты өткізу» тақырыбына арналған семинарда айтылды. Ауыл шаруашылығы санағы елімізде екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – аграрлық саланың жағдайы туралы толық мәлімет алу, әсіресе ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде. Сауалнама парағы 22 сұрақтан тұрады. Онда мал мен құстың болуы, жер ресурстарын пайдалану, бақша егу, тыңайтқыш қолдану және басқа да мәліметтер сұралады.
«Біз санақтың онлайн кезеңін аяқтадық, ол кезде ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтарының сауалнаманы sanaq.gov.kz сайтында толтыру мүмкіндігі болды. Енді ертеңнен бастап ауқымды кезең басталады. Онда интервьюерлер үйлерді аралап, деректерді планшет арқылы жинайды. Баршаңызды шараға белсенді қатысуға және өзекті ақпарат беруге шақырамыз. Сұрақтар қарапайым әрі тек ауыл шаруашылығы қызметіне қатысты болады. Барлық жауап статистикалық мақсатта пайдаланылады және үшінші тұлғаларға берілмейді», – деді аудандық статистика басқармасының басшысы Дамир Нұрабаев.
Ағымдағы жылдың 1 тамызында басталған Ауыл шаруашылығы санағы 20 қазанға дейін жалғасады. Жиналған деректер салаға қатысты мәліметтерді жаңартуға және ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шешімдер қабылдауға негіз болады.

Ақпараттық медиа орталығы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1938
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1938
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36221
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196702

Серіктестер