Онлайн газет



АУДАН КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Биылғы жылдың 11-21 қыркүйек күндері аралығында Алматы облысының Қаскелең қаласында дәстүрлі республикалық “Ақ бидай-2025” ойындары өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 жастан жоғары спортшылар спорттың 20 түрінен бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты-ауыл жастары арасынан үздіктерді іріктеп, олардың кәсіби спортқа жол табуына ықпал ету.
«Ақ бидай» - ауыл спортының дамуына серпін беретін, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Өңірлер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
Төрт жыл сайын ұйымдастырылатын биылғы VIII-ауыл спорты ойындарына барлық облыстар өз командаларын қатыстырды. Осындағы Жамбыл облысының атынан шағын футбол командасы Байзақ ауданы аяқ доп шеберлерінен ұйымдастырылып, сенім көрсетілген еді. Алдымен жерлестеріміз өз тобында жеңімпаз атанып, іріктеу ойындарында да үздік шықты. Сөйтіп, финалдық кездесуде Қарағанды облысының командасымен кездесті. Бұл өте тартысты, шиеленіскен жағдайда өтті. Екі команда да сақ ойнап, қақпаны жата-жастана қорғауға күш салды. Ара-кідік шабуылға шыққандарымен ол ойын аяғына дейін нәтиже бермеді. Бірінің сырын бірі білетін екі команда ойын барысында бір-біріне гол соға алмады. Ал 5 метрлік пеналти сериясында аудан командасы 5:4 есебімен ұтып, бірінші орынды иеленді.
Ал бұл аудан командасының үшінші рет  қатарынан жеңімпаз атануы болатын. Команда жарысты ұйымдастырушылар тарапынан диплом, кубок, медальмен марапатталды.
Команданы жарысқа ауданымыздағы Бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу орталығының әдіскері Дәурен Байгутдиев бастап барды.
Жеңіс құтты болсын!

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 23.09.2025 11:37
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін120
mod_vvisit_counterКеше2850
mod_vvisit_counterОсы аптада2970
mod_vvisit_counterӨткен аптада14657
mod_vvisit_counterОсы айда38564
mod_vvisit_counterӨткен айда145403
mod_vvisit_counterБәрі3949449

Серіктестер