Онлайн газет



ОТБАСЫ - АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА

Елімізде Отбасы күні кеңінен аталып өтілді. Бұл күннің басты мақсаты-жанұя құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты күшейтуге және ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
«Отан - отбасынан басталады» деп тегін айтылмаған. Әр адам отбасында сіңірген тәлім-тәрбиесін өмірлік ұстанымына айналдырады. Адамның тұлға болып қалыптасуы алғаш отбасында басталады. Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат қазына. Әрбір баланың денсаулығы мен болашағы ата-ананың өмір салтына, отбасыдағы мейірім мен қамқорлыққа тікелей байланысты. Сондықтан отбасындағы әрбір адамның денсаулығы – бүкіл шаңырақтың бақыты.
Маман ретінде төмендегі кеңесімізді назарға алсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді.
-Репродуктивті денсаулықты сақтаңыз. Болашақ ұрпақтың дені сау болуы – бүгінгі таңда жасаған дұрыс қадамдарыңызға байланысты.
-Салауатты тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Жеміс-жидек пен дәруменге бай тағамдар – денсаулық кепілі.
-Зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Темекі мен алкоголь тек жеке адамға ғана емес, бүкіл отбасыға зиян келтіреді.
-Белсенді болыңыз. Жаяу жүру, спортпен шұғылдану-отбасылық өмір сапасын арттырады.
-Медициналық тексерулерді ұмытпаңыз. Уақытылы қаралу – аурудың алдын алудың ең тиімді жолы.

Марал  ТАЖЕНОВА,
аудандық орталық емхананың отбасын жоспарлау мейірбикесі.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін633
mod_vvisit_counterКеше4434
mod_vvisit_counterОсы аптада28016
mod_vvisit_counterӨткен аптада31090
mod_vvisit_counterОсы айда50316
mod_vvisit_counterӨткен айда119195
mod_vvisit_counterБәрі3820594

Серіктестер