Онлайн газет



ТҰМАУ – АУЫР ДЕРТ

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) дегеніміз – тыныс алу жолдарының ауруларын тудыратын вирустар тобы. Тұмау-оның бір түрі ғана. Қазақстан Республикасы аумағында ЖРВИ және тұмауға шалдығу эпидемиялық үдерісін сипаттайтын көпжылдық деректерді талдай отырып, эпидемиялық маусымды қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады деп болжауға болады. Індет көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар мен егде жастағы (65 жастан асқан) азаматтарда тіркеледі. Дәл осы жас топтарында тұмау мен өкпенің қабынуы – инфекциялардың ішіндегі өлімнің себебі ретінде бірінші орынды, барлық өлім себебінің ішінде бесінші орынды алып отыр.
Бұл ауру ауа тамшылары арқылы жұғады. Науқас адам түшкіріп, жөтелген кезде вирус ауаға тарайды. Сыртта болғанда күн сәулесі әсерінен бұл вирустар тез өледі. Ал жабық бөлмеде ылғал жоғары болғандықтан, олар тез тарайды.Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы зор.
ЖРВИ – түрлі вирус салдарынан пайда болған респираторлық вирустық ауру тобы. Ол жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталады.
Бүгінгі таңда түрлі топ ЖРВИ қоздырушы 200-ден аса вирустың түрі (парагрипп вирусы, тұмау вирусы, аденовирус, риновирус, энтеровирус, тағы басқа) бар екені белгілі.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Бұл аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Себебі, ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, айығуға көмектеседі.
ЖРВИ мен тұмауды емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан, уақытылы дәрігерге жүгіну өте қажет.
Екпе жасау – тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады. Егер уақытылы екпе жасалса, тұмау вирусын жұқтырғанның өзінде, аурудың ауыр ағымын, сондай-ақ, кейінгі асқынуларын болдырмауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, ол вирусты жоюшы қорғаушы агенттер «антиденелердің» бөлінуін қамтамасыз етеді. Десе де, ағзаның вирусқа қарсы реакциясы қалыптасып үлгеру үшін екпені індет басталмастан бірнеше ай бұрын жасау керек. Күзде тұмауға қарсы вакцина салдырған абзал. Дәрігерлер маусым жақындағанда вирустың қай түрі кең таралатынын жақсы біледі. Алайда вакцина мүлдем ауырмайсыз дегенді білдірмейді. Десе де ол аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі.
Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру, жаман әдеттерден бас тарту және тұмауға қарсы вакцина алу - ЖРВИ даму ықтималдығын төмендетуге көмектеседі.

Бегім БАРБОСЫНОВ,
Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының дәрігер-эпидемиологы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1108
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1108
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12855
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990947

Серіктестер